ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН АШТЫ

13:04, 17 қыркүйек 2020

С. Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры жаңа 22-ші маусымын  премьерамен ашты.  С.Мұқановтың 120 жылдығына, Шоқан Уалихановтың 185 жылдығы мен театрдың 20 жылдығына орай, өнер ұжымы «Шоқан»  пьесасын сахналады.  Карантиндік шараларға байланысты, биылғы премьера онлайн режимде өтті.

Биылғы премьера «Шоқан» спектакілі өнерсүйер қауымға онлайн режимде көрсетіледі. Көрермендер залындағы  орындар бос болғанымен, актерлар қойылым алдында қобалжып, соңғы дайындықтарын пысықтауда. Шоқанның рөлін жас актер Айбол Қасым сомдайды. 

АЙБОЛ ҚАСЫМ, ТЕАТР АКТЕРІ:

- Шоқанның ауылдағы жағдайын, отбасылық жағдайын, жеке өмірін, махаббат шағын көбірек қозғаймыз.  Шоқанды ойнау бұл үлкен мәртебе. Қазақ елінде айтулы мерекелердің бірі-бұл Шоқан уалихановтың 185 жылдығы.   2,11 – қобалжу әрине бар.  Күнде ойнасаң күнде қобалжисің.

Облыстық С. Мұқанов атындағы театр ұжымы  жазушының 100 жылдығында, «Аққан жұлдыз» пьесасымен ашылған болатын. Араға 20 жыл салып, сахнада қазақтың ұлы ғалымы Шоққанның образы қайта сомдалды. Бір қызығы 20 жыл бұрын Шоқанды ойнаған актер Біржан Жалғасбаев, бүгінгі спектакльде ғалымның әкесін ойнайды.

Онлайн премьераға актерлармен қатар, этнофольклерлық ансамбль, симфониялық оркестр мен «Сенситив» би  ансамбілі жұмылдырылды.  Осы 4 өнерді біріктіріп, біртұтас туынды етіп шығарған режиссер -  Фархат Молдағали.

ФАРХАТ МОЛДАҒАЛИ.  ҚОЙЫЛЫМ РЕЖИССЕРІ:

- Актерларға көрермен болмайды деген ең қиыны.  Бірқ қазір заман қиыншылықтарына байланысты, соған мәжбүр боп отырмыз. Актерлар көрерменмен энергия алмасу арқылы байланыс орнатады. Сол байланыс болмай тұр. Бірақ соған қарамастан актерлар халық театрды ұмытпас үшін, қол үзбес үшін осындай онлайн амалына да барды. 

Маусым премьерасы театрдың инстаграм парақшасында тікелей эфирде өтті, ютуб каналында видео сақталған, сол арқылы тамашалауға болады.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МӘМС ҚОРЫНА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАРНА ТӨЛЕМЕУГЕ РҰҚСАТ
17:17, 5 қараша 2020
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МӘМС ҚОРЫНА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАРНА ТӨЛЕМЕУГЕ Р...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...