ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ

20:36, 13 қаңтар 2021

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханасы 2021 жылды  Тәуелсіздіктің 30-жылдығына арналған көрмемен ашуға бел буды. Оған арнайы 300-ден астам кітап және басқа да құжаттар дайындалды.

Бұл көрменің бөлімдері ежелгі дәуірден бергі кезеңді қамтиды. Алтын Орда, Қазақ хандығы, Алаш партиясы және Желтоқсан көтерілісіне арналған. Одан әрі тәуелсіздік алғаннан кейін қазіргі Қазақстанның дамуы айқын көрсетілген. Іс-шараға ақындар және оқырмандар шақырылды.

 МАРИЯ ШУНГУРОВА, ОҚУ ЗАЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Көрмеде ұсынылған кітаптар Тәуелсіздігіміздің отыз жыл ішіндегі табыстары мен жетістіктері туралы баяндайды. Бұл саясат, экономика және мәдениет салаларының дамуы. Көрменің тағы бір үлкен бөлімі, Солтүстік Қазақстан облысының тәуелсіздік жылдарындағы өмірін бейнелейді.

Күлмәш Мағзұмқызы-педагогикалық еңбек ардагері. Аязды күнге қарамастан Облыстық ғылыми әмбебап кітапханаға келіп, көрмеде ұсынылған көптеген туындылармен танысты. Өйткені, кез келген жаста жаңа нәрсені оқып, үйрену өте маңызды.

КҮЛМӘШ ТІЛЕГЕНОВА, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

- Тәуелсіздікке арналған дәуір-дәуірмен, кезең-кезеңмен ұйымдастырылған неше түрлі кітаптар бар екен. Әрине, бұл кітаптар өте қажетті, маңызды. Алтын ордадан бастап, алаш партиясы бар. 30 жылдыққа дейінгі кітаптардың барлығы, егер оқитын оқушы болса, өте пайдалы кітаптар.

Айта кеткен жөн, көрме жыл бойы жұмыс істеп, жаңа материалдармен толықтырылып отырады.

Айгерім СҰЛТАНОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...