ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ Толығырақ

«КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ» КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ ПЕТРОПАВЛДА

17:50, 14 қыркүйек 2018

Абылайхан резиденциясы музей кешені Қостанайлық Ыбырай Алтынсарин мемориалды музейінен келген әріптестерді қарсы алуда. Өңір қонақтары өздерімен ағартушы бабамыздың қолданған бұйымдары мен құжаттары сияқты құнды жәдігерлерін алып, жерлестеріміздің назарына ұсынды. «Рухани қазына» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шара барысында қос мекеме өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

РОЗА ҚУАНОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ  Ы.АЛТЫНСАРИН МЕМОРИАЛДЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Кел балалар оқылық» деп ұран етіп, қазақ халқын білім алуға шақырған Ыбырай Алтынсаринның 1884 жылы шыққан Қырғыз хрестоматиясының түп нұсқасын солтүстікқазақстандықтардың да өз көзімен көру мүмкіндігі туындады. Астана, Павлодар  және Көкшетаудан кейін Қостанай облысының Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі біздің өңірге де өзінің жылжымалы көрмесін алып келді.  

МАРҒҰЛАН ОСПАНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ  Ы.АЛТЫНСАРИН МЕМОРИАЛДЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Жасалынған жұмыстар Ыбырай Алтынсарин бабамызды Қостанай облысында ғана емес, қазақтың даласында ең алғаш сауатсыздың бұлтын сүйілтіп, дала қоңырауын соғып, қазақтың даласында мектеп ашқан, білімнің нәрін сепкен Ы.А. Ұстаздардың ұстазы болған атамызды қазақтың кең жеріне насихаттау біздің басты мақсатымыз.

Тобыл Торғай өңірінің жылжымалы көрмесі 150-ге тарта жәдігерден құралған. Мұнда Ыбырай Алтынсарин мен оның отбасы тұрмыста қолданған бұйымдар, маңызды құжаттар мен фотоларды көруге болады. Әр қайсысың өз тарихы мен құндылығы бар.   

ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА, ТІЛШІ:

- Айталық мына шапанды Ыбырай Алтынсаринның нағашысы өзі киіп, өзі тоздырған. Қазақтың ағартушысы, ұстаздардың ұстазы Ыбырай Алтинсарин осы кісінің тәрбиесін көріп, осы кісінің қолдауымен Торғайда алғашқы мектебін ашты.

1991 жылы Қостанай облысында ашылған мемориалдық музей бүгін 12 мыңнан аста құнды қорды сақтап келеді. Ғимарат 1884 жылы Ы.Алтынсаринның ашқан орыс қазақ мектебінің орнына салынған. Сондықтан Абылайханның ақ үйін қайта салынған жергілікті музей кешенімен ортақ тұстары  өте көп. Шара аясында екі мекеме салтанатты түрде өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

Көрмені тамашалауға келген жерлестердің қатары қалың. Бәрі ағартушы бабамыздың қолы тиген құнды жәдігерлерді тамашалау мүмкіндігіне ие болғандарына риза.

КҮЛИЗАТ ШАХАТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Қостанай облысының  Ыбырай Алтынсарин мемориалды музейдің жылжымалы көрмесі өңір тұрғындары үшін бір ай көлемінде жұмыс істейді.   

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, Қостанай облысының  Ыбырай Алтынсарин мемориалды музейдің жылжымалы көрмесі

Тақырып бойынша материалдар

КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР КЛУБЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ
21:17, 15 қараша 2018
КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР КЛУБЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ
Толығырақ...
ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ОРКЕСТР ҚЫЗЫЛЖАРДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
17:53, 12 қараша 2018
ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ОРКЕСТР ҚЫЗЫЛЖАРДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
18:00, 9 қараша 2018
ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРД...
Толығырақ...