ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

КІШКЕНТАЙ АДАМНЫҢ ҮЛКЕН ТРАГЕДИЯСЫ

13:12, 15 қараша 2019

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында прьемера. Театр режиссеры Баатырбек Шамбетовтың басшылығымен әйгілі Антон Чеховтың  6 шығармасынан құралған «кішкентай адамның үлкен трагедиясы» атты қалжыңсыз комедиясы сахналанды. Адамның психологиялық күйін көрсете білген қара шаңырақ ұжымымен әріптесім тілдесіп келді.

«Кішкентай адамның үлкен трагедиясы».  Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры   жаңа прьемераны қырағы көзді көрерменнің назарына ұсынды. Басқа спектакльдерден ерекшелігі мұнда біріктірілген 6 шығармада тек 4 актер ойнайды. Қойылымда жемқорлық, билік пен халық арасындағы тап үстемдігі, адам құқығы жайлы әлеуметтік мәселелер көтерілген.Театр ұжымы аталмыш спектакльге 3 ай дайындалыпты.

БААТЫРБЕК ШАМБЕТОВ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ РЕЖИССЕРЫ:

- Антон Чеховтың шығармалары әлемде өте жиі қойылады. Ал біздің Қазақстанда өте сирек кездеседі. Бұл шығарманы үлкен дайындықпен әкелдік. Себебі бұл Чеховты ойнай салу оңай-олтаң жұмыс емес екеніне көзіміз жетіп отыр. Чеховтың ойын, шығармасын түсіну бір бөлек, бірақ сахнада ойнау қиынның-қиыны болды.

Спектальдің басқалардан ерекшелігі,  мұнда бір актер 3-4 рөлде ойнайды. Бір шығармада шенеуніктің рөлін сомдаса, енді бірде қарапайым халықтың кейпіне енеді. Нұрбол Асқаров  бүгін өз тәжірибесінде бір  спектакльде 3 рөлді алғаш рет сомдап шықты.

НҰРБОЛ АСҚАРОВ, ТЕАТР АКТЕРІ:

- Чеховты Батыр ағамыздың айтуы бойынша, малақаймен немесе шапкамен қағып түсіре алмайтын қойылымдардың бірі. Оның үстіне бұл әңгіменің ащы шындығы бар. Күлдіріп отырып жылатады. Жылатып отырып күлдіреді. Бұл қойылымға өте ұзақ уақыт кетті. Көп жерде образдарымызбен қиналдық.

«Кішкентай адамның үлкен трагедиясы» спектакліне келген көрерменнің қарасы қалың болды. Олардың адамға ерекше ой салатын қойылымнан алған әсерлері де ерекше.

-Спектакль көңілімізден шықты. Орыс  жазушысының шығармаларынан құрылған. Нағыз орыс ұлтының рухы көрінеді...

- Спектакльден алған әсеріміз өте зор. Жас талантты театрымыздың актерлері керемет, жақсы өнер көрсетті...

Спектакльдің қоюшы режиссеры Баатыбек Шамбетов келесі кезекте театр көрермендеріне Мұхтар Әуезов, Асхар Сүлейменов сынды қазақтың ұлы жазушыларының шығармаларын драма жанрында ұсынбақ.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
20:58, 10 желтоқсан 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Толығырақ...