ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ С.ӨТЕЕВТІҢ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ШАРА

13:01, 4 қараша 2019

Петропавлда белгілі қоғам қайраткері, саясаткер, жерлесіміз Сайлау Ғаббасұлы Өтеевті еске алуға арналған кеш өтті. Тарихи өлкетану музейінде өткен шараға  оның достары, туған-туыстары, әріптестері келді.

Сайлау Ғаббасұлы  Өтеев  1939 жылдың  23 қарашасында дүниеге келген. Еңбек жолын көлік жүргізушісінен бастады.  Кейін  1964 жылы Алматылық ауылшаруашылық институтына, агрономия факультетіне оқуға түседі. Жоғары білім алғаннан соң, совхозға агроном болып орналасады. Кейін совхоздардың біріне оны басшылыққа тағайындайды.   

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

-  Өте жақсы ада еді. Қазақ КСРО Жоғарғы кесеңісінің депупаты болды.  Мемлекетіміздің негізі қаланған жылдары егемендік туралы декларацияны қабылдауға ат салысты.

1990 жылы  Сайлау Ғаббасұлы  Жоғары Кеңесі 12 шақырылымның депутаты болып сайланды. Сайлау Өтеевті таныған, әріптес болған адамдардың барлығы оны өте білімді адам деп біледі. Бастаған істі аяғына жеткізбегенше тыным таппайтын,  еңбекқор еді дейді.  

БОЛАТ САҒЫНДЫҚОВ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

 - Сайлау, өте ақкөңіл,  кез келгенмен тез тіл басымып кете алатын. Оны бәрі құрмет тұтты. Әзілдегенді де жақсы көретін. Ақсақалдар арасында үлкен беделі бар адам.

Сайлау Өтеевтің еңбегі еленіп, көптеген мемлекетік наградаларға ие болды. Атап айтсақ, «Құрмет белгісі», «Еңбек даңқы» медалімен, Тұңғыш Президенттің Алғыс хаттарымен  марапатталды.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...