ШҰҒЫЛ! 6 АУДАН ЕГІН ОРАҒЫН АЯҚТАДЫ Толығырақ

КӨРУ ҚАБІЛЕТІ НАШАР ЖАНДАР АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ

18:00, 8 тамыз 2018

Петропавлда көз жанарынан айырылған және көру қабілеті  нашар жандар арасындағы бесінші көремсөз оқу байқауы өтті. Облыстық дода биыл Астананың 20 жылдығы мен жерлес ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына арналды. Осы жолы өз бақтарын 30 жерлесіміз сынап көрді.   

Ахлима Кенесаринаның бұл бірінші байқауы емес. Осыған дейін түрлі сайыстарда бағын сынап көрген, осы жолы да жеңістен үмітті. Мағжан ақынның Мен жастарға сенемін өлеңін нақышына келтіріп оқып шықты. Спорт, мәдениет пен өнерді ұштастырып жүрген ол, музыканы да жақсы көреді.

АХЛИМА КЕНЕСАРИНА-БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ

Оқып жүріп көзден айырылғаннан кейін, 73-ші жылдан бастап  Петропавлға келіп, музыкальныйға түстім. Содан бері әрбір сайыстарға, спорттың сайыстарына, осылай әнге, жаттауларға қатысып келе жатырмын. Мағжан Жұмабаевқа арналғаннан кейін, Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін», Астана туралы,  Астананың 20 жылдығына арнап «Ару қала-Астана», содан кейін  ерікті темадан Касым Аманжоловтың «Қазақстан» жаттауын айтамын.

Биылғы облыстық байқауға Астананың 20 жылдығы мен ақиық ақын Мағжанның 125 жылдық мерейтойы арқау болып отыр. Әр қатысушы бірнеше шығарма  оқуы тиіс. Қазақ және орыс тілдерінде  өнер көрсеткендер арасында жеңімпаздар бөлек анықталады.  

АЙНАГҮЛ  ТӘШЕНОВА – ҚАЗАҚ  ЗАҒИПТАР ҚОҒАМЫ  ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

- Бүгін біз бесінші облыстық көркемсөз оқу, поэзияны жақсы көретіндер арасында байқауды ұйымдастырып отырмыз. Оған өзіміздің қоғамдық бірлестік мүшелері қатысуда. Аудандар мен Петропавлдан 30 үміткер бақ сынауға өтініш білдірді. 

Байқау нәтижесі бойынша  үздіктер 5 аталым бойынша анықталып, естелік сыйлықтармен марапатталады.  Жеңімпаздар кейін облыс намысын ел көлемінде қорғауға жолдама алады.

ГҮЛНӘР САЙЛАУҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар