Абылайханның сенімді серіктерінің бірі Құлеке батырдың туғанына биыл 310 жыл. Жақында Сергеевка қаласының және облыс орталығының көшесіне ел мүддесін қорғап, жоңғарлармен күрескен батыр бабамыздың есімі берілмек.
1710 жылы дүниеге келген Құлеке батыр осы жердің тумасы Шал ақын атамыздың әкесі. Мұнымен қоса халыққа Абылайханның сенімді серіктерінің бірі, елші, әрі мәмлегер ретінде жақсы таныс.Құлеке Тәңірбердіұлы Қытай мен Ресей елдерінің өкілдерімен тығыз байланыста болған. Бірнеше шет тілін жетік меңгерген білімді, аса көрнекті жауынгер. Сонымен қатар, жерімізді сыртқы жаулардан қорғау үшін Қарасай, Баян батырлармен иық тірестіріп қан майданда талай рет шайқасқан.
МҰРАТ ЖАНТІЛЕУОВ, ҚҰЛЕКЕ БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫ:
- 33 жыл бойы Абылайханның ставкасында болған біздің бабамыз. Қазіргі Шал ақын ауданы Аютас деген жерде қайтыс болған. Абылайдың айтуымен баласы Түркістанға апарып, мавзолейде жерлейді. 1742 жылы Орынбор қаласында біраз қазақтың батырлары ант берген. Солардың ішінде біздің Құлеке бабамыз да бар. Онымен бірге Қарасай, Баян батырлар берген.
Даңқты жауынгер, батырдың ұрпақтары өңірдің зиялы қауымымен бірге бірнеше жылдан бері көшеге немесе білім ордасына Құлеке Тәңірбердіұлының есімі беру мәселесін көтеріп жүр. Жақында облыс әкімі Құмар Іргебайұлынан Сергеев, Петропавл қалаларындағы көшелердің біріне мәмлегер-дипломаттың аты берілітені жайлы хабар келді.
ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Еліміздің тұтастығын сақтап қалған батыр бабамыз туралы біз көптен бері білсек те биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көптен бері айтып жүрген өтінішіміз бар еді. Ол көшенің есімі беру туралы бірнеше өтініш түскен. Құмар Ақсақаловтың атына хат жаздық. Ол кісінің орынбасары Ғани Нығметовтен жақсы хабар келіп жетті. Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласында көшесіне осы кісінің есімі берілмек.
Көшемен қатар Құлеке батырдың есімі Шал ақын ауданында құрылыс жүріп жатқан дене-шынықтыру сауықтыру кешеніне де берілмек.
Майгүл СЕЙІЛБЕК