ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

«ҚЫЗЫҚ КӘНСЕРТ» ӨТТІ

13:06, 17 ақпан 2020

Өткен жексенбі күні Петропавлда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әртіс, сатирик, режиссер Асқар Наймантаевтың «Қызық кәнсерт» атты  кеші өтті. Осы жолы думанды кешке Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының ұстазы Ернар Бейсенбек пен С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының тарландары қатысып, ат салысты. Осылайша осы саланың жілігін шағып, майын ішкен жандар солтүстікқазақстандық көрерменді күлкіге қарық қылып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әртіс, сатирик, режиссер  Асқар Наймантаев көрерменге әзілдің ерекше түрін тарту етті. Былай айтқанда, концерт монолог жанрында өтті. Белгілі әзілкеш өзінің басынан өткен оқиғаларын әзіл түрінде жеткізді.

АСҚАР НАЙМАНТАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, РЕЖИССЕР:

«Алматыдағы әртіспен бір сахнада болдым. Мына әртіспен бір сахнада болдым деп айта беремін. Екі жылдан бері бүкіл Қазақстанды шулатып жатқан Қызылжар театрының мықты, талантты қыз-жігіттерімен бір сахнада ойнадым деп арманда кетпейін деп сол үшін осы бір концертті беріп жатырмын.»

Концерт барысында әртіс пен  көрермен арасында ерекше байланыс орнады. Асқар Наймантаев залда отырғандармен  әңгіме-дүкен кұрып, бұрынғы мен қазіргіні салыстырып, осы таңдағы өзекті мәселелерді көтерді.

РОЗА ӘБДЕНОВА, КӨРЕРМЕН:

«Халық көп жиналды. Өте қуаныштымыз. Қызылжар өлкесіне келе берсін. Біз концертіне келе берейік. Ол кісінің өнерін көптен бері білемін. Жақсы көремін осы кісінің концертін.»

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әртіс, сатирик, режиссер Асқар Наймантаевтың Петропавлда жүргеніне бір айдың жүзі болды. Қазіргі таңда ол жергілікті әртістерімен бірге «Меңдуана махаббат» атты   комедиясына дайындалып жатыр. Премьера ақпанның 20-ы күні өтеді.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫНДАР ТҰҢҒЫШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ АЙТЫСАДЫ
17:22, 6 тамыз 2020
АҚЫНДАР ТҰҢҒЫШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ АЙТЫСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...