ШҰҒЫЛ! БЕСКӨЛДЕ 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП АШЫЛДЫ Толығырақ

«ҚЫЗЫЛ ОБА» ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНА ВОЛОНТЕРЛЕР ҚАТЫСТЫ

13:02, 16 қыркүйек 2020

Уәлиханов ауданындағы «Қызыл оба» археологиялық қазба жұмыстарына қатысу үшін елдің бірнеше өңірінен келген жастар Солтүстік Қазақстанда бас қосты.

Волонтерлердің облыстағы археологиялық қазба жұмыстарына қатысуы алғашқы рет. Нұр-Сұлтан, Өскемен, Павлодар қалаларынан келген жастар қыркүйек айының басында Уәлиханов ауданына аттанды. Қыз-жігіттерді республикалық «Asyl мura» волонтерлік ұйымы іріктеді. Олар жоба аясында ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарына да қатысып, гид-экскурсия жетекшісі бола алады. Қазба жұмыстарына қатысам деушілерді келесі жылы да тарту жоспарланып отыр. Ең басты талап денсаулықтары жақсы болуы тиіс.

РАХАТ МӘМБЕТАЛИНОВ, СҚО ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ ҚОРҒАУ МЕН ҚОЛДАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Волонтерлердің көбі журналистика, менеджмент, заңгер, қаржы секілді мамандықтарды білім алып жатқан студенттер мен магистранттар. Яғни тарихқа, құрылысқа, археологияға қатысы жоқ. Олардың басты мақсаты қазба жұмыстарына қатысып, тәжірибе жинау. Келесі жылы да археологиялық жұмыстарға жастар көп тартылады деп жоспарлап отырмыз.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 25 ЖЫЛ
13:01, 25 қыркүйек 2020
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 25 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...