ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

«ҚЫЗЫЛ-ОБА» ҚОРЫМЫ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ

13:01, 12 қазан 2020

СҚО Уәлиханов ауданындағы «Қызыл-оба» қорымы алдағы уақытта туристік орталыққа айналмақ. Мазарды зерттеу жұмыстары биылдыққа аяқталды, атқарылған жұмысты көруге облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов барды. Бүгінде тарихи ескерткіштің 700 шаршы метр аумағы ашылып, жуырда ғана сондағы молалардың бірінен 1337 жылдары құйылған төрт бірдей монета, алтын сырға және күміс айна, сондай-ақ XIV-XV ғасырларға жататын басқа да құнды жәдігерлер табылды. 600 жылдан астам жер қойнауында жатқан тарихи маңызды ескерткіш жайлы әріптесім Нұрсұлтан Тілектесов тарқатып айтсын.

«Ұлы дала»... Иә қазақ жері бекерге бұлай аталмаған. Өйткені топырағының өзі тұнып тұрған тарих. Бұл былтыр ғана Уәлиханов ауданы, Береке мен Қаратал ауылдарының маңынан табылған «Қызыл-оба» қорымы. XIV-XV ғасырларға жататын қоныс тек облысымыз үшін ғана емес, тіпті Қазақстан үшін сенсациялық жаңалық болды. Өйткені бұл қорым теріскейде Алтын Орда мәдениетінің дамығындығы туралы мәлімет береді.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Аумағы 700 шаршы метр ал, қабырғасының биіктігі 1,5 метрді құрайтын бұл ауқымды мазарда Шыңғыс ханның, нақтырақ айтсақ Жошы ханның ұрпақтары жерленген. Археологтар бүгінге дейін мұнда төрт моланы ашты. Сүйектеріне қарасаңыз екеуі ересек адам ал, екеуі бала. Жалпы бұл СҚО үшін өте маңызды тарихи ескерткіш. Өйткені бұл мазар 600 жылдан астам уақыт бойы жер қойнауында жатты.

Қонысты зерттеу жұмыстары былтыр басталды. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің «Марғұлан орталығы» бастаған археологиялық экспедицияға  жергілікті Қозыбаев университеті қолдау білдіріп, екеу ара меморандум ға отырды. Нәтижсінде екі жылдық қазба жұмыстарынан кейін мавзолей толықтай ашылып, тарихшылар мен ғалымдардың біршама болжамы расталды.

ТИМУР СМАҒҰЛОВ, ПАВЛОДАР МПУ «МАРҒҰЛАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ДИРЕКТОРЫ, АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Біз зерттеп жатқан қорым Алтын Орда дәуірінің дамыған кезіне тұспа-тұс келеді. Яғни сол жылдары салынған. Бірақ, бұл мазар туралы мәліметтер тарихи деректер мен кітаптарда өте сирек кездеседі. Аталмыш қонысты аша отырып біз сол кездегі адамдарды жерлеу тәсілінен хабардар боламыз. Ғимарат ерекше архитектуралық тәсілмен тұрғызылған. Құрысшылар өз істерінің хас шебері екенін аңғаруға болады. Қабырғаларының биіктігі шамамен 20 метрге дейін жеткен.

Қазба жұмыстары барысында осындағы молалардың бірінен төрт күміс монета табылды. Олар арабша жазумен ойылып, нақышталған. Бұл сол кездегі қазақ даласын мекендеген халық ислам дінін ұстанғанын аңғартады. Сондай-ақ монеталарда 1337 жыл деген жазу бар. Бұл Өзбек ханның билік құрған кезеңіне тұспа-тұс келеді.

ТАТЬЯНА КРУПА, ПАВЛОДАР МПУ «UMAI» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бұл айна мыс пен күмістің қосындысынан немесе сапасы төмендеу күмістен жасалынған. Мақтамен және Қытай жібегімен қапталған. Бұл жәдігер Алтын Орда дәуріне жатады.

Бұдан бөлек молалардан алтын сырға, күнделікті тұрмысқа және шаруашылыққа қолданылған құрал-жабдықтар да табылды. Олар қазір зерттеліп жатыр. Археологтар табылған жәдігерлерді тексеруге көп уақыт жұмсамау үшін көшпелі зертханада жұмыс атқарады. Қорымның порталы мен сақталған қабырғаларын негізге алған экспедиция жетекшілері жасанды жер серігі арқылы қоныстың толық макетін жасамақшы. Мақсат тарихи ескерткішті туристік орталыққа айналдыру.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жер туризмды дамытуға да септігін тигізбек. Біздің солтүстіктің табиғаты керемет екен бәрі біледі. Бірақ тарихи жағынан да өңірімізде көрсететін жерлер бар екенін, туристер, шетелден этнотуризммен айналысатын туристер әбден келуі мүмкін. Олардың келуі үшін жағдай жасау керек. Ол үшін Білім министрлігімен келісіп, жоба жасау керек.

Қорымды ашу жұмыстарына жақын маңда орналасқан Береке және Қаратал ауылдарының тұрғындары да қолқабыс етуде.  

ТІЛЕУБЕРДІ ҚАНАФИН, БЕРЕКЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Шамамыз келгенше осыған көмектесіп жатырмыз. Елге бұл бір үлкен жаңалық болмақ. Суын әкеп береміз, техникамен көмектесеміз. Ертең туристік орталық ашылса ауылға жол салынар еді, инт ернет тартылар ма еді.

Мазар әлі толықтай ашылған жоқ. Келер жылы да мұнда қазба және зерттеу жұмыстары жалғаспақ.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Археологтардың айтуы бойынша жақын маңайда осыған ұқсас, бірақ көлемі жағынан шағындау тағы бірнеше мазар орналасқан. Келер жылы олар да ашылып, толықтай зерттелетін болады...

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 23 қазан 2020
ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:41, 21 қазан 2020
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...