ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

«ҚЫЗЫЛ ОБА» ҚОРЫМЫНДА ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

17:25, 30 маусым 2020

Маусымның басынан   жергілікті ғалымдар павлодарлық әріптестерімен бірге  Уәлиханов ауданындағы «Қызыл оба» қорымында қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қаратал және Береке ауылдары маңында 14 ғасырға жататын Алтын орда дәуіріне тиесілі жеті мавзолей табылған еді. Облыста осы кезеңге жататын археологиялық ескерткіштер  бұрын-соңды жарияланбаған.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің кафедра доценті Анатолий Плешаковтың сөзіне қарағанда, 14 ғасырға жататын зәулім мазарлар хан әулетіне арнап тұрғызылған. Ол Уәлиханов ауданындағы Қызыл обадан қалашық та табылып қалар деген үмітте. Мавзолейлердің біреуінің ұзындығы 30, ені 20 метрге дейін жетеді.Ал қабырғасының қалыңдығы 2 метр.Оны күйдірілген кірпіштермен қалаған. Биылғы экпедицияға 15 адам аттаныпты. Павлодардың және өңірдің ғалымдары бүгінгі күнге дейін 100 шаршы метр аумақты зерттеп үлгерген. Бірақ, бұл кесененің азғантай бөлігі ғана екен.

АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ КАФЕДРА ДОЦЕНТІ:

«Біз Мавзолейдің еденіне дейін жетіп, оны біраз кеңейттік. Ішінен кірпіш пен керамика табылып жатыр. Бұл керамика «Чигири» деп аталады екен. Елестетіп көріңіздерші, сол уақыттағы адамдар доңғалаққа  құтыны байлап, солай суды тартқан. Жалпы, экспедицияда қиыншылық туындап жатқан жоқ. Бір өкініштісі, биыл жұқпалы індетке байланысты қазба жұмыстарына көптеген студенттер практика өтуге бара алмады. Жоспар бойынша жұмыстар жаз бойы жалғасады.»

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...