ШҰҒЫЛ! ЖЫЛУ ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛДАР ҚАЖЕТ ПЕ? Толығырақ

МАҒЖАН ПОЭЗИЯСЫ – ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТ НЕГІЗІ

18:10, 6 сәуір 2018

Петропавлда Халықаралық деңгейдегі  Мағжан оқулары өтті. «Жыр жұлдызы Мағжан поэзиясы – ұлттық руханият негізі» атты жас ақындар арасындағы әдеби байқау ақиық ақынның 125 жылдығына арналды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шара облыстың, Кокшетау мен көршілес Омбының жас ақындарының басын қосты.

Қазақ поэзиясының шолпан жұлдызы болып саналатын Мағжанның есімі мен шығармашылығы қашанда өзекті және маңызды. Оның махаббатқа, рух пен жігерге толы өлеңдеріжастарға ерекше ұнайды. Жыл сайын елімізде Мағжан оқулары өтіп, ақиық ақынның жолын қуып, шығармаларын  сүйіп оқитын жас дарындарды жинайды. Биылғы халықаралық байқау алғаш рет Петропавлдың Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатында өтті.

ЖАҚСЫЛЫҚ ЕСЕНҒАЛИЕВА, Ә. ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ұлы тұлға, өзіміздің жерлесіміз Мағжанды дәріптеу. Шығармаларына деген құрметті ояту.Сол арқылы балалардың еліне, жеріне, зиялы қауымына деген патриоттық сезімді қалыптастыру көзделіп отыр. Байқауға 45 қатысушы келіп отыр. Олардың еңбектерін, сайыстарын бағалайтын облыстың зиялы қауым өкілдері.

Байқау 4 бөлімнен тұрды. «Толқыннан  толқын туады...» дегенінде балалар  М.Жұмабаев шығармашылығына арналған баяндамаларын оқыды. Екіншісінда ақынның өлеңдерін жаттаған  жастар мәнерлеп оқудан сынға түсті. Көкшетау қаласындағы Көкен Шәкенұлы атындағы ақындар мектебінің оқушысы Гүлжанат Нәдірхан  Мағжанның өлеңдерін ондағы патриоттық мәні үшін, мойымайтын қазақ рухы үшін жақсы көреді.

ГҮЛЖАНАТ НӘДІРХАН,  БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ:

- Мағжанды өзіме жақын тұтам. Мағжан Жұмабаевтың көптеген өлеңдері қараңғылықты жойып, күн болсам деп қараңғылықты жеңу деген негізгі мақсатқа толы. Өлеңдерін оқып, жастарға сенетінін, бізге сенім артанын айтады. Мен де өзім мағжан сияқты ақын болғым келеді.

Байқауға қатысушылардың арасында ақынның 80 өлеңін жаттаған дарындар да баршылық. Солардың бірі Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы «Парасат» мектеп-лицейінің оқушысы Рахат Түріжанов.

Мағжанның шығармаларын көршілес Ресейдін жастары да, өңірде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері де сүйіп оқиды.

 «Ақындар да бір бала ғой айға ұмтылған». Байқаудың үшінші номинациясы осылай аталады.  Оның бырыснда Мағжанның ізін басып, ақындыққа бет бұрған жас дарындар белгілі ақынға арнап шығарған өлеңдерін оқыды.

ӘЙГЕРІМ ТАСБОЛАТОВА,  БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ, Ә.ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТ ОҚУШЫСЫ:

- «Мағжан ақынның ақыны. Бүгінгі сайысқа жерлесіміз Мағжанға арнап шығарған өлеңдерімді паш еткім келеді. Ақындыққа  5 сыныптан бері бет бұрып, бүгінге дейін бірнеше сайыстарға қатыстым. Бүгін жүлделі орын аламын деп сенемін.

Суырып салма ақындар да өз өнерлерін көрсете алды.  Төртінші аталым оқушылар арасындағы айтыс  «Ақынын ардақтайды Алаш барда» деп аталды. Барлық қатысушыларға жоғары талап қойылды. Қазылар алқасы балалардың сөз таба білу қабілетін, орындау мәнерін ескеріп әділ бағаларын берді. Байқау нәтижесі бойынша 4 номинацияның 3-уінде Солтүстік Қазақстан облысының қатысушылары, тағы біреуінде Көкшетаулық жас ақын жеңімпаз атанды.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, халықаралық Мағжан оқулары

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар