ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

20:35, 22 мамыр 2020

Өңір басшысының орынбасары Ғани Нығыметов облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан мәдениет саласының қызметкерлерін марапаттады. Төл мерекеге орай өз ісін жауапкершілікпен атқарып, міндетін мүлтіксіз орындап жүрген сала мамандары құрметке бөленді. Оларға облыс әкімінің алғыс хаттары, құрмет громаталары мен Мәдениет және спорт минстрлігінің төс белгілері табыс етілді.

Елдің атын шығарытын екі сала бар олар: мәдениет пен спорт. Сондықтан да халқымыз өнерпаздарын әрдайым құрмет тұтқан. Жыл сайынғы дәстүрге сай, биыл да сала қызметкерлері кәсіби мерекеге орай құрмет-қошеметке бөленді. Облыстық әкімдікте мәдениет саласының қызметкерлерін өңір жетекшісінің атынан орынбасары Ғани Нығыметов құттықтады.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ6 ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мәдениет еліміздің, жалпы өміріміздіңі басты салаларының бірі. Мәдениет ол ұлттың қуаты, үзілмей келе жатқан болмысы, ақыл-ой парасаты.

Осылай жылы лебізін білдірген соң, марапаттау сәті туды.

Сый-құрметке бөленгендердің бірі, «Сладка ягода» орыс халық әндері ансамблінің аккомпаниаторы Сергей Снурницын. Мәдениет саласына өмірінің 43 жылын арнаған өнерпазға «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төс белгісі тағылды.

СЕРГЕЙ СНУРНИЦЫН, ОБЛЫСТЫҚ «СЛАДКА ЯГОДА» ОРЫС ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ АНСАМБЛІНІҢ АККОМПАНИАТОРЫ:

Кез келген шара меркелік көңіл күй сыйлауы керек деп ойлаймын. Бүгін осыны сезініп тұрмын. Еңбегімді бағалап марапаттап жатқандарына үлкен алғыс айтамын. Барлық әріптестірімді төл мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Барлығының алған марапаттары құтты болсын

Бұл күні мәдениет саласында жүрген қарпайым жұмысшылар да назардан тыс қалмады. «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінің шаруашылық бөлімінің жетекшісі Қанат Тұрсынов облыс әкімінің құрмет грамотасын алды.

ҚАНАТ ТҰРСЫНОВ, «АБЫЛАЙ ХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» МҰРАЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бүгін міне әкімшілік құрмет грамоталарымен марапттап жатыр. Оған көп-көп рақмет. Енді біздің музейіміз алға баса бересін. Жақсы жұмыс жасауға тырысамыз.

Бас қосқан өнерпаздар өлең оқып, ән шырқап жиынның сәнін келтірді.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 25 ЖЫЛ
13:01, 25 қыркүйек 2020
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 25 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...