ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

МӘҢГІ ӨШПЕС МҰРА

20:46, 16 қазан 2020

Белгілі ақын, әнші, композитор, қазақ өнерінің дамуына үлесін қосқан тау тұлға, Жаяу Мұса Байжанұлы 185 жасқа толды. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада ақынның шығармашылығына арналып, әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды.

Мұса Байжанұлы бала кезінен өмірдің көп тауқыметін бастан өткереді. Жастайынан анасынан айрылып, кедейлікте өмір сүреді. Еш қиындыққа мойымай білім алуға бар күшін салады.  Жаяу Мұса деп аталуының өзіндік бір тарихы бар. Есейгесін Мұса әкімдердің, би-болыстардың парақорлығын әшкерелейді. Әсіресе, Баянауылдың аға сұлтаны Мұса Шорманов пен інісі Мұстафаның зорлық-зомбылығын көрсетеді. Омбы генерал-губернаторына шағым жазады. Сол үшін ағайынды Шормановтар оның астындағы атын тартып алып, «жаяу» қалдырады.

БІРЖАН ЕСЖАНОВ, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ ӘНШІСІ:

- Солармен жауласып жүрген кездегі, оның да үлкен тарихи сыры бар. Неліктен жауласыты? Әсіресе, үлкені ол жер дауы. Қазақтың даласына орыстардан переселендердің келуі, казак отрядтар келіп, станицалардың салынуы. Осы бір жауласудың түпкі тамыры.

Әдеби- музыкалық кеш барысында Ақан сері атындағы облыстық филаромония әншілері әнші-сазгер-ақынның әндерін орындады. Сонымен қатар, кеште оның  өмірі мен өнері жайлы да көп айтылды

МАРАЛ ЗЕЙНЕЛ-ҒАБИ, ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Бас қосқан жерлерде де ақ сисаны шырқап жатады, той домалақтарда, кештерде, үйде отырғанда да айтамыз кейде. Өте жігерлі, сондай асқақ ән, адамның жанына бір жақсылық сыйлайды.

ӘЙГЕРІМ СҰЛТАНОВА, ТІЛШІ:

- Жаяу Мұса Байжанұлы әндерін күні бүгінге дейін халық сүйіп тыңдайды. Ол шығармалары арқылы әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеп, махабатты жырлады, туған жер табиғатын суреттеді. Әйгілі ақ сиса, Баянауыл, Сұрша қыз сынды әндері қаншама уақыт өтсе де халық жадында сақталып, әлі күнге дейін орындалып келеді.

Айгерім СҰЛТАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 23 қазан 2020
ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:41, 21 қазан 2020
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...