ШҰҒЫЛ! ЕЛ МЕДИЦИНАСЫ ҮШІН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ Толығырақ

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МАУСЫМ

18:02, 18 қыркүйек 2019

Облыстық филармония жаңа маусымға қызу дайындық үстінде. Биыл  өнер ұжымы үшін мерейлі болмақ. Осыдан 55 жыл бұрын  Петропавлда филармонияның алғашқы концерті қойылған болатын.   

Облыстық филармония мерейтойлық маусымға дайындығын осыдан бірнеше ай  бұрын бастап кетті. Тұрақты және жаңа көрермендерін өнерімен қуанту үшін әртстер қызу дайындалып, күніне бірнеше сағатын сАрп етеді. Жаңа бағдарлама әсем би, әуезді музыкамен безендірілген түрлі элементтерге толы болмақ. Концертке «Мәңгілік», «Әдем-ау», «Туған жер» би ансамбілдері де қатыспақ.      

 МИХАИЛ ЛАХТИН, «МӘҢГІЛІК» БИ АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

 - «Мәңгілік»  би ансамбілі биылғы  маусымды халықаралық ареналарда көрсеткен танымал биімен ашады. Қазақ халқының тұрмысын, ұлттық ерекшелігін көрсететін бұл тамаша бимен Сербияда өткен байқауға қатысып, жүлделі орынға ие болдық.

Облыстық филармония алғашқы концерттік бағдарламасын 1965 жылы қойған болатын. Содан бері 55 жыл өтіп, өнер ұжымының құрамы талай ауысқанына қарамастан, халықты классикалық өнермен тәнтті етіп, бағытын өзгерткен жоқ. Мерейлі маусымға «Әдем-ау» би ансамбілі де қызу дайындалып жүр.    

АҚЕРКЕ МҰСАЛИМОВА, «ӘДЕМІ-АУ» БИ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ:

 Көрермен назарына Халық, эстрадалық-симфониялық, және джаз бағытындағы 4 бірдей оркестр өз өнерін ұсынбақ.  

ЕВГЕНИЙ САФРОНОВ, ЭСТРАДАЛЫҚ-СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРДІҢ ДИРИЖЕРІ:

- Біздің эстрада-симфониялық оркестрге маусымды ашу құрметі берілді. Оған қоса биыл мерейТОЙЛЫҚ МАУСЫМДЫ АШАМЫЗ. Өнерімізді тамашалауға келетіндердің қатары қалың болатынына сенімдімін. Бәрі ойдағыдай болу үшін күніне 3- сағат жаттығып жүрміз. Біз үшін бұл үлкен жауапкершілік.

Облыстық филармонияның жаңа маусымның ашылуы 20 қыркүйек күні Жастар сарайында өтеді.       

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар