ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

МЕРЕКЕГЕ ӘЗІРЛІК

13:03, 4 шілде 2019

Еуразия жүрегіндегі еңселі орда- Нұр-Сұлтан қаласының  21 жылдық мерейтойын Петропавл қаласының жұртшылығы осы сенбі атап өтпекші. Бас қаламыздың күніне  қызу дайындық басталып та кеткен. Бұл күні мерекеге орай облыста 500 іс-шара ұйымдастырылып, 20 жаңа әлеуметтік нысан қолданысқа берілмек. Қала тұрғындарын әйгілі «Домино» тобы құттықтап,  200ден астам жерлес  өнерпаз концерт қояды. Мерекеге дайындық барысы әріптесім Жансая Қайыпованың бейнематериалында.

Бас қаламыз Нұр-Сұлтан қаласының 21 жылдық мерейтойын жыл сайын атап өту дәстүрге айналған. Бұл күнді солтүстікқазақстандықтарда шет қалмай барынша дүркіретіп тойлайды. Петропавл қаласындағы бас және  орталық алаңдарда, Жеңіс саябағында концерттер ұйымдастырылып, өңіріміз  ерекше кейіпке енетін болады. Қаланы мерейтойға орай безендіру  бұл жолы «Гера» мерекелік индустрия орталығына жүктелген. Аталмыш орталық 5 жылдан бері түрлі шаралардыҢ көркін кіргізіп жүр.

АЛЛА ПИСАРЕНКО, «ГЕРА» МЕРЕКЕЛІК ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Осы жылы қала әкімдігі мен мәдениет басқармасы бізге үлкен жауапкершілік артты. Менің орталығым    осындай ауқымды  жобамен бірінші рет айналысып отыр. Біз қазыр қызу дайындықтамыз. Қаламызда Нұр-Сұлтандағы ең ескі Иманов көшесін бейнелейтін боламыз. Бұл көшенің тарихын толықтай зерттеп, үйлерінің формасын да біліп алдық. Тұрғындар тамақтанатын арнайы орындарда құрып, оны да әдемілеп безендіретін боламыз. Бұл күні Петропавл тұрғындары мен қонақтары бас қаламыздың атмосферасын сезіннуі і өте маңызды.

Петропавлдағы Конституция көшесі бойында Нұр-Сұлтан қаласындағы Иманов көшесінің толықтай бейнесі көрсетілмек.Одан бөлек, мемлекетіміздің  дамуының тарихы бейнеленген 16 акпараттық тақта  қойлады. Аталмыш  блокта тұрғындар еліміздің осы уақыт аралығында жеткен жетістіктерін көріп, қосымша ақпарат ала-алады.

МАКСИМ ПАРХОМЕНКО, «ГЕРА» МЕРЕКЕЛІК ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БРИГАДИР МОНТАЖШЫСЫ:

- Ерекше жоба. Тұрғындарға ұнайды деген үміттеміз. Күні-түні дайындалып, жұмысты аяқтауға жақынбыз. Иманов көшесін Петропавл қаласына - келіп қойғандай сезім қалдырғымыз келеді. 1 үйдің ұзындығы 4 м, ені 3 ал жалпы ауданы  27 шаршы метр болады. Әр үйдің ара қашықтығы  10 метрден. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтандағы  триумфалды арканың да имитациясын жасап жатырмыз. 

Безендірулермен қатар қала өнерпаздары да қызу дайындықта. Бұл күні мерекеге орай 500 іс-шара ұйымдастырылып, 20 жаңа әлеуметтік нысан қолданысқа берілмек. Тұрғындар және қала қонақтары  үшін Қазақстанның жарық жұлдыздары «Домино» тобы өнер көрсетеді. Жерлес 200ден астам өнерпаз өз өнерлерін паш етіп, қала тұрғындары  мен қонақтарын таңқалдырмақ.

ҚЫМБАТ ОСПАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 6 ШІЛДЕ КҮНІ Петропавлдық орталық алаңында үлкен шара өткізіледі. Осы үшін филормония ұжымы қызу дайындалып жатыр. Ұйымдастырушылар шығармашылық ұжыммен дайындалып жатыр. Жаңа әндер жазылып, жаңа костюмдерде тігілді.

Орталық алаңда сонымен қатар,  балуан Сергей Цырульниковтың шоуы да өтеді. «Аризона» шоу балеті  де өздерінің жаңа концерттік бағдарламаларын да ұсынбақ. Еуразия жүрегіндегі еңселі елорда- Нұр-Сұлтан қаласының  күніне орай қала тұрғындарын көптеген қызықтар күтуде.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...