ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

МЕРЕКЕЛІК ДАСТАРХАННЫҢ СӘНІ – НАУРЫЗ КӨЖЕ

13:05, 18 наурыз 2020

Наурыз көже –ұлыстың ұлы күні жасалатын басты тағам.   Халқымызда  7 саны қасиетті саналғандықтан, бұл күнгі көжеге де  7 дәм қосылады. Наурыз көже мерекелік дастарханның сәні, молшылық пен ырыстың тілекшісі. Аталмыш тағам өңірімізде қалай жасалады? Оны қаламыздағы әжелер мектебінің мүшелерімен  тілдесіп келген әріптесім Жансая Қайыпова баяндасын.

Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін дәстүрлі наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әр үйде оттан қазан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады. Ырымшыл халқымыз әу бастан – сандардың қасиеттілігіне ерекше мән берген. Сондықтан да бұл тағамды жеті түрлі дәм қосу арқылы жасаған.  Себебі, ол тоқшылық пен ырыстың,  құттың жоралғысы.  

РАУЗА АМАНЖОЛОВА, ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ МҮШЕСІ:

- Бүгін біз наурыз көженің  бір әдісін көрсетейік. 7 тағамнан ет, сүр ет, қыстан соғымнан қалған. Арнайы наурызға деп. Оған сорпаға бидай, күріш саламыз, тары оны пісіріп аламыз. Ет піскеннен кейін сүзіп аламыз. Оны ұсақтап тураймыз. Сосын піскен мына үш тағамды қосамыз. Сосын сорпаға құрт езіп қоямыз. Соны сорпаға қосамыз. Ет саламыз, айран қосамыз. Ең соңынгда айран қосып, бәрін араластырамыз. Осымен наурыз көжеміз дайын.

Наурыз- көктемнің жарқын мейрамы. Орта Азия халықтарының жаңа жылы. Бұл мереке бірнеше мың жылдардан бері тойланып келеді. Парсы тілінен аударғанда «Наурыз» бірінші айдың бірінші күні, жаңа күн дегенді білдіреді. Бұл қасиетті күні күн мен түн теңеліп, қытымыр қыстың ызғары кетіп, шуақты да жайдарлы Наурыз мерекесі келеді.

ХАЛИДА МІНАЙДАРҚЫЗЫ, ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ МҮШЕСІ:

- Көктемнің бірінші меркесі Наурыз. Нағыз салт-дәстүрлер осы күні көрсетіледі. Ақ мол болсын деп май, қаймақ, ірімшік, қоспа, құрт. Қазақтың столы әрқашанда құртпен, маймен бай.

Жалпы көпшіліктің пікірі бойынша наурыз көжеге белгілі бір тағам түрін қосу міндетті емес. Әркім қолындағы бар азық – түлігіне қарайды. Сол себепті оған кейбіреулер көкөністер де қосады. Тек дәм саны жетеуден артық және тақ болғаны абзал. Ең бастысы, ықыласпен жасалып, жақсы тілекпен ұсыну қажет.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

СПЕКТАКЛЬДЕР ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ КӨРСЕТІЛМЕК
17:19, 27 наурыз 2020
СПЕКТАКЛЬДЕР ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ КӨРСЕТІЛМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...