ШҰҒЫЛ! 19 ҚАЗАН - ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ Толығырақ

М.ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ШОЛПАН» ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫ АЛҒАШ РЕТ КӨРМЕГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

15:42, 13 маусым 2018

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві  жерлес ақын, ағартушы Мағжан Жұмабаевтың 1912 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Шолпан» өлеңдер жинағын тұңғыш рет көрермендерге ұсынды. Осы жылдың наурыз айында табылып, көшірмесі алынған кітапқа ақынның 30 өлеңі енген екен. Қазақ поэзиясының –Шолпан жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған көрмеде жерлесімізге қатысты тағы қандай тың құжаттар шығарылды? Гүлнәр Сайлауқызы баяндайды.

Ұлы даланы ұланы, ақындардың ақыны, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы жерлес ақын, ағартушы, публицист Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы қазақ елінде ғана емес, әлем бойынша  бойынша  тойлануда. Париж, Лондон, Стамбул, Анкара барлығы қазақ ақынын ұлықтап, оның поэзияда ойып тұрған орын алғанын мойындауда. Мағжанның мерейтойына орай облыстық архив  көрме ұйымдастырды. Ондағы басты құжаттардың бірі  1912 жылы Қазан қаласында жарық көрген өлеңдер жинағы. Ол биылғы жылдың наурыз айында табылған. Түпнұсқасы Ресей архивтері мен Алматыдағы ғылым академиясының көне құжаттар қорында сақталған. Біздегі көшірмесі.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Араб гарфикасымен қазақ тілінде жазылған 50 беттен тұратын бұл өлеңдер жинағына 30 өлең енген екен. Оны Мағжан Уфада Ғалия медресесінде оқып жүрген кезінде оның ұстазы Ибрагимов көмектесіп осы өлеңдер жинағы шыққан болатын. «Шолпан» жинағын біз осы биылғы жылы Түркісойға барған уақытында түрік, ғалымдары оның бар екенін, қай жерден іздеуге болатынын айтып көмек көрсеткен болатын. Сол бойынша біз оны наурыз айында тауып алып, жинаққа дайындап осы көрмеге қойдық,

Сонымен қатар, көрмеге алғаш шығарылған құжаттардың қатарында  өзіміздің архивте сақталған 1927-28ші жылдары педагогикалық техникум мен советтік партия мектебіндегі қызметіне кіру кезінде толтырған сауалнамалық құжаты да шығаырлды.  Оны Мағжан Жұмабаев өз қолымен толтырған. Бұл қағаздар әлі ел көзіне көрсетілмепті. Көрмеге қатысушыларға сонымен бірге ақынның, жары Злиха мен аға-інілерінің де суреттері ұсынылды.  Ал ақиық ақын жайында  профессор, Мағжантанушы Зарқын Тайшыбай  айтып берді.  

ЗАРҚЫН ТАЙШЫБАЙ, МАҒЖАНТАНУШЫ, М.ҚОЗЫБАЕЫ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ПРОФЕССОРЫ:

- 1913 жылы Мағжанның өлеңіне ең бірінші баға берген Алихан Бөкейханов болатын.  Мағжанның бір-екі  шумақ өлеңін келтіріп береді дағы  осындай ақыны бар халық жер бетінен қалай өшеді, бұл халық өшпейді деп айтып кеткен. Сонда біздің өшпейтіндігіміздің, өсетіндігіміздің бастауында Мағжан тұр. «Маған құрмет алаш үшін өлгенім» дейді. Сол алашы біз. Сондықтан мен шәкірттерге, жастарға Мағжанның әрбір сөзін, түсініп, терең оқу керек екендігін, аманат түрінде бізге қалдырып кеткен өсеиет түрінде оқыса екен деп түсінемін.

 Көрмеде сонымен қатар  ақынның 1936 жылғы төлқұжаты, студент кездегі жеке куәлігі, 1922 жылы Мир труда газетінде жарияланған мақалалары да шығарылды.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, Мағжан Жұмабаев, "Шолпан" өлеңдер жинағы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар