ШҰҒЫЛ! ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

НАУРЫЗ – ЖЫЛ БАСЫ

13:07, 20 наурыз 2020

Наурыз мейрамы – ежелгі мерекелердің бірі. Түркі тілдес халықтар арасында кеңінен тойланып келеді.  Әр шаңырақ қыстан аман есен шығуын, табиғаттың жаңаруын және болашаққа деген үлкен үмітпен мейрамды атап өтеді.

Саюра Есенжаупова үлкен әулеттің келіні. Жыл сайын осы кезде Наурыз көжені молынан дайындайды. Оның пікірінше, наурыз көже – молшылықтың, шаңырақтағы береке-бірліктің белгісі.  Ол ұлттық тағамды әзірлеу әдісін өз анасынан үйреніпті. Енді наурыз көжені пісіруді екі қызына үйретіп келеді.

САЮРА ЕСЕНЖАУЫПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Наурыз - тоқшылықтың мерекесі.  Әр шаңырақ келген жыл берекелі болуы үшін молынан дастархан жаюға тырысады.

СӘЛИМА БАЛТАБАЕВА, ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:         

- Қазақ халқының Наурызы ерекше. Өйткені біздің салт-дәстүрлеріміз ерекше, олар халқымыздың бір-біріне деген мейірімділігін, мәдениетіміздің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. 

Наурызда ұлттық салт-дәстүрге үлкен мән беріледі. Дастархан басында жиналған әжелер мектебінің мүшелері жас ұрпаққа ұмыт қалған дәстүрлерді, олардың маңыздылығын түсіндіріп жатады.

ҚЫМБАТ ИСМАНОВА , ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ МҮШЕСІ:

- Тұсау кесер туралы айтқым келгені, көбіне  баланың алдыңғы жағынан келіп кесіледі.  Ертеден көргенміз, баланың артқы жағынан кесу керек. Өйткені баланың алдынан төселген ақ матаммен ешкім өтпеуі керек.  Сосын тұсауды кесу керек. Яғни пышақпен кесу керек.

Көктемнің басты мейрамы әрқашанда жақсы көңіл күймен, бай дастарханда, мағыналы әңгімемен өтетіні белгілі. Салима әжейдің шаңырағына жиналған қонақтар бір сәт әсем әндерін ортаға салды.

Наурыз –Жыл басы. Бұл уақытта әр шаңырақ болашаққа үлкен үмітпен қатап, ырымдарға сеніп, бір-біріне денсаулық, бақыт, береке тілейді.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

«ҚЫЗЫЛ ОБА» ҚОРЫМЫНДА ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ УАҚЫТША  ТОҚТАТЫЛДЫ
17:25, 10 шілде 2020
«ҚЫЗЫЛ ОБА» ҚОРЫМЫНДА ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар