ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

«НАЗҚОҢЫР» АНСАМБЛІНІҢ КОНЦЕРТІ

21:05, 14 мамыр 2019

Облыс орталығында «Назқоңыр» ансамблінің есеп беру концерті өтті. Бес жылда бір болатын мәдени шараны тамашалауға шалғай ауылдардан да көрермен келген. Концерт барысында прима қобызбен қазақ компазиторлары мен заманауи классиктердің күйлері  орындалды.

«Назқоңыр» қобызшылар ансамбліөңірімізде 1999 жылы Нәзгүл Маштақованың бастамасымен құрылған. Басы қатты, нәтижесі тәтті болды. 20 жылдың ішінде ұжымның жеткен жетістігі мен табысы мол. Бүгінде жергілікті ансамблді қазақстандықтар ғана емес, ресейлік өнерсүйер қауым да жақсы таниды. Қобызшылар түрлі байқауларға қатыса отыра, шетелдіктерге қазақтың бай музыкасын насихаттап жүр. 

НАЗГҮЛ МАШТАҚОВА, «НАЗҚОҢЫР» ҚОБЫЗШЫЛАР АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Еңбегіме 20 жыл болып қалды. Прима қобыз аспабын халыққа таныту оңай болмады.

5 жылда бір болатын Назқоңырдың концентіншалғайдағы аудандардан келіп тамашалап жатқандар бар.

РАЙХАН ДҮЙСЕМБИНОВА, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- «Назқоңыр» ансамблінде сіңдімнің қызы ойнайды. Соның өнерін тамашалау үшін әдейілеп Есіл ауданынан келдім. Назгүл Жәдігерқызына алғысым шексіз. Ұлттық өнерді дамытып жүр.

«Назқоңыр» ансамблі прима қобызбен қазақ компазиторларының ғана емес, заманауи жанрлардың барлығын орындайды. Репертуарларында барлығы 30 шақты туынды бар. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ӨНЕР МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫНДА ЖАҢА МАУСЫМ
13:13, 20 қыркүйек 2019
ӨНЕР МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫНДА ЖАҢА МАУСЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...