ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

ОБЛЫС МҰРАЖАЙЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫ

17:26, 18 мамыр 2020

18 мамыр – халықаралық мұражай күні. Қызылжар өңірінде 4 мемлекеттік-облыстық және 1 мемлекеттік-республикалық маңыздағы музей бар. Одан бөлек білім беру мекемелерінде де 427 мұражай ашылған. Петропавлда республикада сирек кездесетін ерекше музейде бесінші жыл жұмыс істеп жатыр.

СҚО ПД  мұражайында 300 жылдық тарихы бар, құнды жәдігерлер сақталған. Бұл музейдің негізі қаланғанына биыл 30 жыл толып отыр. Бұл жерден ішкі істер органдарының тарихына қатысты түрлі құжаттар мен жәдігерлер сақталған.

ЛЮБОВЬ ОСИНСКАЯ, СҚО ПД МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бұл музейде ашылған күнінен бастап 3000мыңға жуық экскурсия өткізілді. Және 45 мыңнан астам адам келіп, біздің жәдігерлерімізді тамашалап, полицейлердің тарихымен танысқан. Бұл музейдің  біз үшін орны бөлек. 1989 жылы полицей ардагерлердің бастамасымен ашылған болатын. Ал бүгінгі күні облыстық  мұражайлармен теңесе алатын дәрежеге де жетті.

Алғаш ашылған жылы бұл музейде тек ескі құжаттар мен әскери киімдер болған екен. Ал қазіргі уақытта жәдігерлер саны 4000мыңнан асып-түседі. Мұражайда Бахтияр Есімовтың атасына арналған арнайы бұрыш бар. Газиз Есімов 1951 жылы саябақтарды патрульдеу барысында, қылмыскерлердің қолынан қазақ тапқан. Ал Бахтияр болса ата жолын қуып, өзі де полицей мамандығын таңдаған екен.

БАХТИЯР ЕСІМОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Атамнан соң менің әкем де осы салада қызмет еткен. Әжем атамның ерліктері туралы көп айтып отыратын. Кейіннен менде тәртіп сақшысы боламын деп шешім қабылдадым. Бұл мұражайда менің атамнан қалған көптеген жәдігерлер сақталған.

Сонымен қатар, өңірімізде республикада сирек кездесетін музейлерде бар. Мәселен, православтардың епархиалды мұражайы Қазақстан бойынша тек біздің облыс пен Нұр-Сұлтан қаласында ғана бар екен.  Ол жерде 18 ғасырдан қалған  ескі кітаптар мен иконалар, және тұрмыстық заттарды көруге болады.Биыл музейдің ашылғанына 5 жыл толады.   

ВАЛЕНТИНА МАХИНЯ,  ЕПАРХИАЛДЫ МҰРАЖАЙ САҚТАУШЫСЫ:

- Мұражай екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде, ертедегі адамдардың  тұрмыстық заттары сақталған .Әсіресе қолөнер көп. Әйел адамдардың өз қолымен тоқыған заттары, картиналары қойылған. Ал екіншісінде, шіркеу жабдықтары. Иконалардың өте көп түрі бар.

Айта кетейік, бұл мұражайдағы жәдігерлер тұрғындар көмегімен жиналыпты. Мұражайға келген әр өңір азаматы қолдарында бар,ескі әрі құнды   заттарын  әкеліп береді екен.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ МАУСЫМЫН ОНЛАЙН АЯҚТАДЫ
17:28, 26 мамыр 2020
ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ МАУСЫМЫН ОНЛАЙН АЯҚТАДЫ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:35, 22 мамыр 2020
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ 403 МАЙДАНГЕРІ  ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТАБЫЛДЫ
17:18, 19 мамыр 2020
УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ 403 МАЙДАНГЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар