ШҰҒЫЛ! 2019 ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ АЙТЫС ӨТТІ

17:57, 9 желтоқсан 2019

Өткен жексенбіде «Қызырлы Қызылжар – құт бесік» атты облыстық айтыс өтті.Ел Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай ұйымдастырылған жыр додасында өңіріміздің әр түкпірінен келген суырып салма 18 ақын бас қосты. Бас жүлде кімнің қанжығасында кетті? Әріптесім Майгүл Сейілбек тарқатады.

Еліміз бұғаудан құтылып, өз алдына егемен мемлекет болғанына 28 жыл. Қысқа уақыт ішінде Қазақстан көптеген биік жетістіктерге жетіп, әлемді мойындата білді. Өңірдің ақындары бұл айтыста еліміздің 28 жыл ішінде жеткен жетістігі мен халқымыздың қазіргі мәселелерін жырларына қосты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай айтыс біздің облыста 2016 жылдан бері өткізілмеген. Ұлттық өнерді өскелен ұрпақ арасында дәріптеу, жас ақындарға қолдау көрсету мақсатында келер жылы бірнеше айтыс өткізіліп, оның нәтижесі ретінде Қызылжардың бас ақыны анықталатын болады.

ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, АЙТЫСКЕР АҚЫН, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- Біз шілде, қазан айларында екі ауданда облыстық ақындар айтысын өткіземіз. 0,52 Ол атақты қалай береміз ауданда өтетін айтыстан ұпай алып, екі айтыстағы қосылып, сосын ең жоғары ұпай алған айтыскер осы атаққа ие болады.

 Бұл күні төл өнерімізбен сусындап, құлақ құрышын қандыруға жиналған солтүстікқазақстандықтардың қарасы қалың болды.

- Бүгінгі өтіп жатқан біздің Солтүстік Қазақстан облысында дүбірлі айтыс өтуде. Ақындардың өнерлері керемет деп айтуға болады. 

- Жақсы өтіп жатыр айтыс.Көптен бері мұндай айтыс болмаған. Оның үстіне облыс бойынша. Жас айтыскерлер бар екен. Соларды көріп жатырмыз.//

- Айтыс тамаша, жастардың талабы өсе берсін.//

- Тәуелсіздігіміз мерейлі, тұғырлы бола берсін. Көк туымыз желбірей берсін. Кейінгі жастарды көріп қатты қуанып қалдық. //

Есіл, Уалиханов, Қызылжар, Айыртау аудандырынан келген ақындар үлкен мәселелерді көтеріп, халықтың мұңын  жоқтады. Әзіл-қалжынды да ұмытпай, көрермендерді күкіге көмді.

18 ақынның ішінде финалда Мұхаммед Қонқаев және Жұмабек Рахымов, Қайырлы Ғафуров пен Нұргүл Оқашеваның жұптары өзара бас жүлдені бөліске салды. Нәтижесінде Дәуқара елінің тумасы, жас ақын, болашағынан үлкен үміт күттіретін ақын Мұхаммед Қонқаев үздік атанып, 300 мың теңгені қанжығасына байлады.

МҰХАММЕД ҚОНҚАЕВ, АЙТЫСКЕР АҚЫН, АЙЫРТАУ АУДАНЫ:

- Алланың қалауымен, халықтың ыстық ықыласымен бас жүлдені өзіміз алып отырмыз. Өте қуаныштымыз. 1,16 Биыл «Алтын Домбыра» өткелі жатыр, одан кейін Жүрсіннің жүйріктерінің қатарына қосылып, өңіріміздің намысын қорғау деген ой бар.

Ал бірінші орынмен 200 мың теңгені Есіл ауданының тумасы Жұмабек Рахымов жеңіп алса, 2 орынмен 150 мың теңге «Солтүстік Қазакстан» газетінің аға тілшісі Нұргүл Оқашеваға бұйырды.

ЖҰМАБЕК РАХЫМОВ, АЙТЫСКЕР АҚЫН:

- Көрермендер қолдап жатса, біріншіден бір Алланың, екіншіден қалың елдің осы айтыстың жанашырларының  арқасында соындай дәрежеге жетіп жатқанымыз бар. Мұхаммед өте талантты ақын. Әрине, айтыс барысында қиын болған жоқ деп айта алмаймын. Себебі, Мұхаммед сынды айтыскер ақынмен айтысу өте оңайға соққан жоқ.

НҰРГҮЛ ОҚАШЕВА , «SOLTÚSTIK QAZAQSTAN» ГАЗЕТІНІҢ АҒА ТІЛШІСІ:

Айтыс деген қазақтың киелі өнері ғой. Оған студен кезімнен әуеспін. 7-8 жылдан бері айтысқа шықпаппын. 3 курста оқып жүргенімде додаларға қатысып бірнеше мәрте жүлдеге де ие болдым.

Бұл күні қалған ақындар да марапатсыз қалған жоқ.  

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
13:06, 14 қаңтар 2020
«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
17:55, 15 қаңтар 2020
ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...