ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ МАУСЫМЫН ОНЛАЙН АЯҚТАДЫ

17:28, 26 мамыр 2020

Облыстық филармонияның 55-ші мерейлі маусымының жабылуы онлайн түрінде өтті. Бұл өңір әртістері үшін бұрын-соңды болмаған жаңа тәжірибе. Әлеуметтік желілер арқылы өнерлерін  көрсетіп, аудиторияны арттырғанымен,  жергілікті өнер ұжымдары көрермендірн сағынған.

Өңір әртістері карантин кезінде онлайн түрде 45 концерт қойған.  Өңір тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау мақсатында 55-ші мерейлі маусымының жабылуын да онлайн өткізуге бел буды.  Алғашқы тәжірибелері сәтті болды деуге болады. Әр концертті  100-ден 400-ге дейін көрермен тамашалады.

ҚАЙЫРЛЫ ҒАФУРОВ, "СЕГІЗ СЕРІ" ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

Әртістер көрермендерін концерттерімен қуантып қана қоймай,  шеберлік дәрістер өткізіп, өнерге жақын тұрғындарды түрлі аспаптарда ойнауды, ән айтып бидің бастапқы амалдарын үйретті. Бұл да карантин кезінде көрерменмен байланыста болудың бір амалы.

ЖӘМИЛӘ МҰСТАФИНА , "СЕГІЗ СЕРІ" ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ ӘРТІСІ:

Жарты ғасырдан астам тарихы бар филармонияда 10-ға жуық шығармашылық ұжым біріккен.  Олар классикалық, ұлттық, эстрадалық жанрда өнер көрсетіп келеді. Мамырдың 30-на дейін онлайн концерттерін Орыс халық аспаптар оркестрі, «Бельканто» аспаптар квартеті және «Қызылжар» халық-музыка ансамбілі қояды. Олардың өнерлерін инстаграм, фейсбук және ютуб әлеуметтік желілері арқылы тамашалауға болады.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 25 ЖЫЛ
13:01, 25 қыркүйек 2020
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 25 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...