ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ӨНЕР КӨККЕ ЖЕТКІЗЕР

20:48, 12 маусым 2018

3 бас жүлде, 2 екінші, 2 бірінші орын. Алматы қаласында өткен халықаралық «Күншуақ» атты сайыстан жерлестеріміз осындай жүлделермен оралды.  «Арабеск» би ансамблі өңіріміздің намысын лайықты қорғады. Аталмыш сайысқа Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген өнерпаздар 500-ге жуық концерттік нөмір дайындаған. Жеңімпаздармен біздің тілшілер танысып қайтты.

Би - бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін өнер. Бұл өнерді танып білген, «арабеск» би ансамблінің көркем жетекшісі Татьяна Кравченко енді өзінің ізбасарларын жаттықтырып жүр.  Хореографтың айтуынша,  бұл жарыс жас бишілердің шеберлігін тағы бір мәрте шыңдай түсу үшін қажет болды дейді.

ТАТЬЯНА КРАВЧЕНКО, «АРАБЕСК» АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

- Сайысқа қатысқан барлық бишілерді би өнерінің хас шеберлері деп айта алмын. Мұндай сайыстар ең біріншіден тәжірибе алмасуға жақсы. Бұл сайыста мен өзімнің ұжымымды ерекше мақтан тұттым. Біз 3 топ болып,  13 би дайындап апардық. Біздің еңбегіміз бағаланды. Мен өте қуаныштымын.

Аружан Жолболды «Арабеск» би ансамблінің мүшесі. Талай би жарыстарының жүлдегері. Алматы қаласында өткен сайыста билерінің жоғары бағаланғанына қуанышты екендігін айтады.

АРУЖАН ЖОЛБОЛДЫ, «АРАБЕСК» БИ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ:

- Біз Алматыда Күншуақ деген үлкен әрі әдемі сайысқа қатыстық. Сол сайысқа біз үш би дайындадық. Ол «синяя вечность» «мортолкомбат» «спецназ» «денс ревалушенз» сол би арқылы біз үш  гран при  ұтып алдық. Осы би ансамбліне мен алты жыл қатысамын.  Би маған қатты ұнайды. Өмірімді биге арнағым келеді.

Арабеск бишілері үшін биылғы жыл ерекше болды. Жақында ғана 15 жылдық мерейтойын  атап өткен бишілер түрлі сайыстарға қатысып үлгеруде. Өнерпаздардың алға қойған мақсаттары  көп, ол үшін ерінбей еңбек етеміз дейді.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, өнер, жеңімпаздар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖАС КЕЗІНЕН ДӘРІГЕР БОЛУДЫ АРМАНДАҒАН ЖАН
14:35, 14 маусым 2018
ЖАС КЕЗІНЕН ДӘРІГЕР БОЛУДЫ АРМАНДАҒАН ЖАН
Толығырақ...
АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
18:03, 15 маусым 2018
АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
Толығырақ...