ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

ӨНЕР МЕКТЕБІНЕ 75 ЖЫЛ

17:23, 12 қаңтар 2021

\

Петропавлдағы №1 өнер мектебі 1945 жылы ашылған. Соғыс жылдарынан соң ірге тасы қаланған өнер ошағынан осы күнге дейін 3 жарым мың түлек қанат қақты. Өткен жылы 75 жыл мерей тойын атап өтпек болған  өнер мектебі індетке байланысты мерекелік шараларды кейінге шегерген.

Ангелина Аракелова өнер мектебінде вокал сыныбында оқиды. Мұнда ол 5 жасында келген.  Бойжеткен биыл вокал сыныбын тәмәмдап, болашақ мамандығын музыкамен байланыстырмақ. Оның репертуарында түрлі ұлттың әндері бар. Жас өнерпаз халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты.

АНГЕЛИНА АРАКЕЛОВА, №1 ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

Мен академиялық джаз және эстрадалық вокалдан сабақ аламын.  Репертуарымда опералық және эстарда жанрында әндер көп. Мен қазақ,орыс, италян, испан және басқа да бірнеше тілде әндер орындаймын. Болашақта өмірімді музыкамен байланыстырғым келеді. Ұстаздарыма дән ризамын. Олар өз мамандықтарының хас шеберлері.

Петропавлдағы №1 өнер мектебінің іргетасы 1945 жылдың 25 желтоқсанында  қаланған. Өнер ордасы Сурет және музыкадан балалардың сауатын ашады. Қазіргі таңда мектепте 140 бала оқып жатыр.  

ИРИНА МАРКИНА, ВОКАЛ МҰҒАЛІМІ:

Мен Сергеевка қаласында музыка мектебінде фортапиано сыныбын тәмәмдадым. Кейін білімімді одан әрі жоғары оқу орнында жалғастырдым. Мұнда мен академиялық және эстрада вокалынан сабақ беремін. Балаларға бұл бағыт өте ұнайды. Біз оқушыларымызға сахнаға шығу үшін көп еңбектену керектігін үйретеміз. Балалармен жұмыс ітеген маған өте қатты ұнайды. Өзіме осыдан ерекше қуат аламын.

Өнер мектебінің әр сыныбы қажетті музыкалық және сурет салу құралдарымен жабдықталған. Ал оны тәмәмдаған түлектер бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. көпшілігі өмірлерін өнермен ұштастырыпты.   

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...