ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

ОНЛАЙН КОНЦЕРТ

20:45, 31 наурыз 2020

Облыстық филармония қашықтан жұмыс істеп жатыр. Жергілікті өнерпаздар бір аптада 5 онлайн концерттен өткізуді жоспарлап қойыпты. Ән сүйер қауым оны инстаграм және фейсбук желілерінен көре алады. Сондай-ақ әртістерден музыкалық аспаптарда ойнауды қашықтан үйренуге болады. Тақырыпты тілшіміз Аманжол Нұртазин тарқатады.

Қазір «Сегіз сері» қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің өнерпаздары онлайн концертке соңғы дайындықтарын жүргізіп жатыр. Төтенше жағдайға орай әртістер де қашықтан жұмыс істеп жатыр. Олар осылайша жаңа шығармаларды жаттайды, шеберліктерін шыңдайды. Көрермендерін де ұмытпай онлайн концерттерді беруді қолға алыпты. Самал Асылбаеваның айтуынша, онлайн  концерт пен сахнадағы концерттің айырмашылығы көп емес.          

САМАЛ АСЫЛБАЕВА6 «СЕГІЗ СЕРІ» ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ ДОМБЫРАШЫСЫ: 

Концерт берген кезде саханада береміз ғой. Көрермендерді көріп отырамыз. Халықтың қошеметін көріп сезіне аламыз. Онлайнда біз жалғыз болған сияқтымыз. Бірақ, өнерімізді әлеуметтік желілер пайдаланушылары бағалай алады деген сенімдеміз.

Онлайн концерттердің артықшылығы да бар. Көрермен аудиториясы кеңейіп, жергілікті филармония өнерпаздары барша әлеуметтік желі қолданушыларын қазақтың ұлттық өнерімен сусындата алады. Бұдан басқа әртістер халқымыздың әндері мен күйлері жайлы тың мағлұматпен бөлісіп,  ниет білдіргендерді музыкалық аспаптарда ойнауға үйретпек.    

ҚАЙЫРЛЫ ҒАФУРОВ, «СЕГІЗ СЕРІ» ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

Біз аптасына 5 концерт беруді жоспалап отырмыз. Күніне 1 рет онлайн шығып, нөмірлерді ұсынамыз. Кешкі сағат 6-да немесе 7-де концерттер өткіземіз. Кеше ғана алғышқысын бердік.

Бір онлайн концерт 1 сағат өтеді. Осы уақыт ішінде 8-10 композиция орындалады екен.

Аманжол НҰРТАЗИН

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ МАУСЫМЫН ОНЛАЙН АЯҚТАДЫ
17:28, 26 мамыр 2020
ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ МАУСЫМЫН ОНЛАЙН АЯҚТАДЫ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:35, 22 мамыр 2020
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ 403 МАЙДАНГЕРІ  ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТАБЫЛДЫ
17:18, 19 мамыр 2020
УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ 403 МАЙДАНГЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар