ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА «АБАЙ» ОРТАЛЫҒЫ БАР

20:36, 9 қаңтар 2020

Биыл  қазақтың Ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абайдың туғанына 175-жыл.  Абайдың даналығы екі ғасырға жуық уақыт өтсе де әлі өзектілігін жоғалтпаған. Бұл жайында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіндегі мақаласында да айтылды. Петропавлда өткен жылдың қараша айынан бастап, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Абай орталығы жұмыс істеп тұр.Орталықтың жұмысымен арна тілшілері танысып қайтты.

С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада ашылған Абай орталығы  Ұлы тұлғаның шығармашылығын, қалдырған мол мұрасын насихаттап келеді. Келушілер «Әлем мойындаған Абай» көрмесін тамашалап, 40-50 жылдары жарық көрген кітаптардан құнды мағлұмат ала алады.    

ЛӘЗЗАТ ЖОЛАУШИНОВА, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ БАС КІТАПХАНАШЫСЫ:

 Абайдың тек қазақ тілінде ғана емес, орыс тілінде, ағылшын, неміс, френцуз тілінде шыққан кітаптарын көрмеге қойдық. Одан бөлек Абайдың 40, 50, 60-шы жылдары шыққан кітаптарды сирек кездесетін кітаптар қорынан алып қойдық.  

Орталықта Абайдың шығармалары жазылған 300-ден астам кітап бар. Мектеп бағдарламасынан тыс шығармалармен танысу үшін оқушылар осында келеді.    

ӘЙГЕРІМ УӘЛИЕВА, №8 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгінгі жастардың білімді болуын, саналы болуын Абай өз шығармаларында, қара сөздерінде, өлеңдерінде  терең айтқан. ... 4,17 –Абайдың мұрасын оқу, насихаттау ешқашан артық болмайды. 

Биыл бұл орталықта Абайдың мерейтойына орай бірқатар үлкен іс-шара  өткізу жоспарланған.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар