ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

ПОЭЗИЯЛАР ЖИНАҒЫНЫҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

17:25, 13 қаңтар 2021

Михаил Аверин атындағы облыстық әдебиетшілер клубы өлең сүйер қауым үшін  «Литклуб.стих» мобильді қосымшасын шығарды. Ол жерге әзірге 5 жерлес  жазушының 200ден  астам еңбегі енгізілген.  Қосымшаның жақында іске қосылғанына қарамастан оны 1200ден астам адам жүктеп үлгеріпті.

«Литклуб стих» мобильді қосымшасын Play market арқылы кез-келген оқырман жүктей алады. Ол жерде әзірге тек орыс тіліндегі өлеңдер мен прозалар ғана бар. Қосымша авторы  жерлес ақын  Иван Рэмович.  Жастайынан өлең жазып, ақындықпен әуестенетін азамат, қазіргі уақытта ол облыстық әдебиетшілер клубының мүшесі.Иван болашақта қосымшаға қазақ тіліндегі шығармаларды да енгізуді жоспарлап отыр.  

ИВАН РЭМОВИЧ, «ЛИТКЛУБ.СТИХ» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНЫҢ АВТОРЫ:

- Бұл қосымшаны өңір тұрғындарының игілігі үшін құрастырып шықтық. Жерлес ақындардың еңбектерін жинақтап, салып отыратын боламыз. Қазіргі уақытта қосымшада тек 5 ақынның 200ден астам өлеңі жарияланды. Әлі тағы да жаңартатын боламыз. Бұл қосымшаны аз уақыт ішінде 1200ден астам адам жүктеп алыпты.       

Мобильді қосымшаға  сұраныс арта бастағаннан соң  клуб мүшелері арнайы «Городские мечты» атты өлеңдер жинағын да  шығарған. Кітапқа 7 ақынның 200ге жуық өлеңі енгізіліпті. Сол ақындардың бірі- Михаил Гвоздев. 14 жасынан бастап өлең жазумен айналысады. Шығармашылық менің тек хоббиім дейді ол.

МИХАИЛ ГВОЗДЕВ, АҚЫН:

- Бұл өлеңдер жинағына менің түрлі жанрда жазылған  30 өлеңім енді. Мен өзім түрлі махаббат, табиғат, достық басқа да тақырыпта өлең жазғанды ұнатамын. Бірақ қазіргі уақытта поэзияға қарағанда, проза жаныма жақын. Егер біздің жинақ өңір тұрғындарына ұнап, қолдау білдіріп жатса біз тек қуанышты болар едік.

Кітаптың  дизайнын арнайы Екатеринбург қаласының суретшісі ойластырыпты.Ол түнгі қаланы бейнелеп, ақындардың шабыты мен шығармашылығы көбіне түнде келеді дегенді жеткізгісі келген. Айта кетейік, «Городские меЧты» өлеңдер жинағының тұсаукересі 21-22 қаңтар күндері ұйымдастырылмақ.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...