ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ

17:54, 17 маусым 2019

Петропавлдағы оқушылар сарайында жыл сайынғы республикалық «Мағжан оқулары» байқауы басталды. Конкурсқа еліміздің әр аймағынан 50-ге жуық оқушы қатысты.

Ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы бүгінгі күнге дейін өзекті. Ол- қазақ әдебиеті тариыхында қазақ поэзиясының дамуына өшпес із қалдырды. Түркістан облысының намысын қорғап келген Жұлдыз Әбдірахман бұл конкурсқа бірінші жыл қатысып отырған жоқ. Биыл жүлделі орынды алуға дәмелі.

ЖҰЛДЫЗ ӘБДІРАХМАН, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ:

Қатысушылардың дайындығы жақсы. Жоғары деңгейде дайындалған. Және бұл сайыста өте жоғары деңгейде өтеді деген сенімдемін. Бұл конкурс маған өзіме керек, яғни менің болашағым. Мен осы конкурс арқылы өзімді дамытамын. Және көптеген биік белестерге жетіп, ақын немесе әлемге әгілі жазушы болып шығуым да мүмкін.

Мағжан оқулары - «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім», «Ақын да бір бала айға ұмтылған» және «Толқынмен толқын сырласып» атты үш аталым бойынша өткізілді.  Конкурста 5-ші мен 11-ші сынып оқушылары өнер көрсетуде. Әр өңірден байқауға қатысуға 3 адам өтініш білдірген.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Бұл біз үшін үлкен мақтаныш болып табылады. Өйткені Мағжан елінің тумалары сонымен бірге Мағжанның өлеңдерімен әндерін айтып жүрген балалар жалпы біздің Қазақстанға емес, жалпы Түркия халқына жайылып жүрген жайт болып табылады. Бүгінгі күні соңғы кезеңі болып табылады республикалық кезеңі.

Тайынша ауданының Чкалов ауылынан келген Аружан Ермағамбет жастайынан ұлы ақынның шығармашылығын қызыға оқиды.  Былтыр талапшыл қыз Мағжанның 85 өлеңін жатқа білсе, ал биыл оның санын екі есеге көбейткен.

АРУЖАН ЕРМАҒАМБЕТ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ, ТАЙЫНША АУДАНЫ:

Мен Мағжан оқуларына үш жылдан бері қатысып келімін. Алғаш рет Мағжан оқуларына мен ауданда бірінші олын алған едім. Бірақ облысқа келген уақытта орын ала алмай қалған болатынмын. Бірақ мен мойымай келесі жылы тағы да қатыстым. Осы жылы тағы да өзімнің бағымды сынау үшін келіп отырмын. Енді бүгін барлығы ойдағыдай айтып, жүлделі орыннан көрінемін деген үміттемін.

Әдеби байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға  бағалы сыйлықтар, алғыс хаттар беріледі.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...