ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНА ҚОРЫ ЖАҢА 100 КІТАППЕН ТОЛЫҚТЫ

17:23, 14 қаңтар 2021

Кітап - білім бұлағы. С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапхана қоры  100 жаңа кітаппен толықты. Әр түрлі жанрды  қамтитын туындылардың  қатарында өңірімізге танымал ақын жазушыларымыздың да шығармалар жинағы бар.

Облыстық кітапхана қорында бүгінгі таңда 650 мыңнан астам кітап бар. Оның 100 мыңы қазақ тілінде болса, қалғаны орыс және шетел тілдерінде. Жаңа жылда білім орталығы 100 жаңа оқулықпен толығыпты. Оқырман назарына ұсынылған көрмедегі кітаптардың безендірілуі көз сүріндіреді. Мазмұны мен сырт келбеті үйлесім тапқан оқулықтардың қатарында жерлес жас ақынымыз Самрат Құскеннің «Жала мен жаза» өлеңдер жинағы мен өлкетанушы Болат Мағазұлының «Мемориал» кітабы бар.  

ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Болат Мағазұлының «Мемориал» кітабын атап өтуге болады. 1931- 1933 ж қуғын - сүргін құрбандарын еске алуы жайында.  Мұнда ескерткіштің  қалай ашылғандығы, қандай еңбектер жүргізілгені жайында бар оқиғалар жазылған. Бірі білсе бірі білмес бұл ескерткіш НКВД орнында орналасқан. Тарихымызды біліп ата бабаларымызға тағзым ететін кітап.

Жаңа кітаптар қатырында жерлес археолог Виктор Зайберттің «Ботай» кітабы да бар. Оқулық қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған. Кітаптан Ботай мәдениеті жайында яғни  эниолит дәуірінде солтүстік қазақстан облысында  мекендеген тайпалар  туралы ақпарат алуға болады. Көрмеге сонымен қатар әр облыстың өлкетану тарихы баяндалатын жинақтар мен қазақ батырларының өмірі мен жүріп өткен сара жолы суреттелген туындылар қойылған. Сондай-ақ көрмеден жастарға экономикалық сауттылықты ашу, бизнесті бастап жүргізу жолдары көрсетілген әдістемелер мен шетел әдебиеті топтамаларын да кездестіруге болады.

Менің жалпы сүйіп оқитын кітаптарым ол шетел классикалық әдебиеті. Бұл көрмеде менің көңілімнен шыққан ол ертегілер. Мен міндетті түрде алып оқитын боламын.

- Маған Джеки Чанның  мына кітабы ұнап отыр. Мұнда актердің өмірі мен шығармашылығы баяндалған екен. Кітап ағылшын тілінде жазылған.

Кітапхана қоры  әр тоқсан сайын жаңа кітаптармен толғып отырады. Бүгінгі көрмедегі жаңа оқулықтар кітапхананың  фб және инстаграмм әлеуметтік желілерінде жарияланған.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...