ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БИЫЛ КАРТОП БАҒАСЫ АРЗАН Толығырақ

«САЙРА, ДОМБЫРА» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

17:55, 6 желтоқсан 2018

Сайра, домбыра. Дәл осындай атаумен Петропавлда дәстүрлі ән байқауы өтті. Оған өңіріміз аудандарынан келген 30-ға жуық жеткіншек қатысты. Халықымыздың асыл мұрасы саналатын ән мен күйді дәріптеуге, жас ұрпаққа насихаттауға арналған сайыс жайлы келесі бейнематериалда.

Қазақ халқының рухани жәдігерлерінің ішінде мақтан етер бай мұрасының бірі – дәстүрлі әндер. Халқымызда 5 мыңнан аса күй, 12 мыңға жуық ән бар. Киелі қара домбырамен орындалатын  ән - құрылымымен, кең диапазон, күрделі ырғақ-иірімдерімен ерекшеленеді. Байқаудың төрешілері талантты жеткіншектердің осы қасиеттерін бағалайды.

ДӘСТЕН БАЙМҰҚАНОВ, ҚАЗЫ:

- 30-дан астам бала келіп отыр облыс деңгейінен. Барлығы да дайындалып келген. Өздерінің ұстаздары бар.  Қарап отырсам сол ұстарының өздері 15 жыл бұрын оқушы бюолып өлең айтқан. Қазір міне ұстаз болып әрбір ауданда мектеп басқарып жатыр. Бұл не деген сөз бұл үндестіктің барлығы деген сөз. Яғни арадағы байланыстың әлі үзілмеегендігі. 

Байқауға қатысушылардың бірі Еркеш Өмірұзақ. Талантты жеткіншектің жасы небары 10-да ғана. Соған қарамастан қос ішекті аспаптың құлағында ойнайды, дауысы да керемет. Ол «Акерке» және «Күләндә» әндерін оындап, қазылар алқасы мен жиналған қауымды өнеріне тәнті етті.

ӨМІРІҮЗАҚ ЕРКЕШ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Мен жеті жастан бастап домбырамен ойнауға бастадым. Менің ұстазым Амангелді Иманов. Ол өте жақсы домбырашы. Мен бір жыл бойы бұл сайысқа дайындалдым. Мен кішкене қорықтым бірақ өз әндерімді айта алдым.

«Сайра Домбыра» байқауы осымен 3-ші рет ұйымдастырылып отыр. 2 жылда 1 рет өтетін сайыс  биыл Тәуелсіздік күні қарсаңында өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа қатысушылардың саны жыл санап артып келеді. Олар жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлініп ән шырқайды.

ДӘМЕШ ҚҰРМАНКИНА, БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ:

Бұл биыл екі жылдан бері облыстық болып өтіп жатыр. Сондықтан аудандардан келді. Бес аудан келді . Содан кейін қаланың қазақ мектебінің оқушылары. Енді деңгейі жаман емес деп ойлаймын. Әр балаға алдын ала таратылды шарты. Үш әннен дайындап келіп отыр балалар. Сол үш әннің ішінен өзінің ұнатқан бір –екі әнін айтады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға диплом, громата және баағалы сыйлықтар табысталатын болады.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
14:44, 15 ақпан 2019
«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА «АЙКА» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
20:42, 13 ақпан 2019
ПЕТРОПАВЛДА «АЙКА» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
14:44, 15 ақпан 2019
«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Толығырақ...
ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
18:33, 15 ақпан 2019
ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...