ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БИЫЛ КАРТОП БАҒАСЫ АРЗАН Толығырақ

СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ

21:00, 12 ақпан 2019

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында сәндік-қолданбалы қолөнер көрмесі өтті.  Жасаған бұйымдарын көрермен назарына қала мен облысымыздың дарынды жастарды ұсынды. Толығырақ арнамыздың тілшілері тарқатсын.

Облыстың мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы хэнд мэйд сәндік-қолданбалы өнер көрмесінде ағаштан, металдан, керамикадан, матадан, былғары мен шыныдан, қағаздан жасалған әр түрлі және жарқын палитралы бұйымдар мен туындылар ұсынылды. Көрмеге Алтын адам, Ұлы жібек жолы, металлургтардың құралдары мен аң стильдері де жәйдән-жай қойылмаған. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тілге тиек етілген құнды жәдігерлер  келушілер назарына ұсынылды. Композиция құрамындағы қызғалдақтар кездейсоқ қойылмаған. Өйткені, Қазақстан - гүлдердің отаны. Көрмеде ерекше көзге түскен, отырықшы және көшпелі өркениеттер композициясы.Өнер туындысы Новоишим мектеп оқушыларының жұмысы.  Бұйымды жасауға бір ай уақыттары кетіпті.

КӨШЕРБАЙ ҚАСЫМОВ, НОВОИШИМ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ АҒАШ КЕСУ ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бұл негізінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына сай жасалған. Қазақ даласының байлығын толықтай айтып береді.

Көрме 7 бөлімнен тұрады. Мектеп оқушылары мен студенттер сурет салып, тігін тігіп, тоқып та, ағаш пен металдардан да   ерекше туындылар жасаған. Қазылар алқасына тек қана үздіктерді  анықтау қалды. 

НАТАЛЬЯ НОВИКОВА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Оқушылардың жұмысы өте қызықты әрі ерекше. Барлық қатысушылар барын салып дайындалғаны көрініп тұр. Әділ бағалаймыз. Әрбір туындының мұқият, тиянақты жасалғанына қарайтын боламыз. Және көрмедегі жұмыстар тек қана бізге ғана емес, барлық келушілердің көңілінен шығуы керек.

Көрме түрлі идеялардың алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Мәселен, қалалық классикалық гимназияның  оқушылары металлдан Бәйтерек жасаған. Аталмыш туынды жаңалықтар мен жетістіктер кілті мағынасын білдіреді екен. Қатысушылардың көбісі тарихи және рухани құндылықтарды негізге алған. М.Жұмабаев ауданының намысын қорғап келген оқушылар қазақтың ұлттық аспабы жетігенді әкелсе, ал  құрылыс және экономика колледжінің студенттері соғылған және  ұлттық атрибутикалық бұйымдарды ұсынды. Өз туындыларын жасау үшін инновациялық технологияларды қолданыпты.     

ҚАНАТБЕК ЖӘКЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚЭК ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ:

- Әрбір осындай туындыны жасап шығару өте қиын. Бір істегеннен ойдағыдай шықпайды. Әрбір бұйымға 45 сағат жұмсаймыз. Компьютермен әрқайсысының кескінін салып, содан кейін барып рамкасын істейміз. Ал суреттердегі әріптерді компьютерге теріп жазамыз. Сосын осындай әдемі туынды дайын болады.

Көрме соңында қазылар алқасы үздік шеберді анықтайтын болады.  

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
14:44, 15 ақпан 2019
«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА «АЙКА» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
20:42, 13 ақпан 2019
ПЕТРОПАВЛДА «АЙКА» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
14:44, 15 ақпан 2019
«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Толығырақ...
ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
18:33, 15 ақпан 2019
ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...