ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

13:11, 9 қыркүйек 2019

Қазақтың айтыскері, суырып-салма ақыны Ринат Зайытов қызылжарлық жас ақындармен кездесіп, шеберлік сағатын өткізді. Ақындар мектебінің тәрбиеленушілері айтыс өнеріне қойылатын талаптармен, әр ақынның өзіндік стилін қалыптастыру жолдарымен танысты.

Оқушылар сарайындағы ақындар мектебі қазақтың айтыс өнері, жазба ақындық, мәнерлеп оқу, шешендік өнер  сияқты  бес бағыт бойынша жұмыс істейді.   Жас ақындар танымал айтыскер Ринат Зайытовтан сахнаға шыққанда халықтың назарын аударып, қызығушылығын тудырудың тәсілдерін үйренді.  Балалармен жұмыс істеп, тәжірибе бөліскен кәсіби айтыскер ақын елдің солтүстігінде де айтыс өнерінің шыңына жететін жастар баршылық деген баға берді.

РИНАТ ЗАЙЫТОВ, АЙТЫСКЕР АҚЫН:

- Үлкен сахнада жүргеніме келесі жылы 20 жыл болады. Жаман-жақсы болсын бұл тәжірибе. Кез келген айтыскер ақын жас ұрпеқпен қашан да тәжірибе бөлісуге дайын. Егер бұл мектеп осы қарқынмен жұмыс істесе, көп ұзамай Республикалық сахналарда өнер көрсеттін жастардың арасында петропавл жастары да болатынына мен сенімдімін

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар