ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

«СЛАДКА ЯГОДА» АНСАМБЛІНЕ 20 ЖЫЛ

17:53, 27 мамыр 2019

«Сладка ягода» халық ансамблі өзінің 20-жылдық мерей тойын кең көлемде атап өтті. Жеке концертке әншілерді жылдар бойы сүйіп тыңдайтын тұрақты  тыңдармандары келді. Мерекеде біздің түсірілім тобы да болып қайтты.

«Сладка ягода»  халық ансамблі өзінің туған күніңде  көрерменге ұмытылмас кеш сыйлады. Олар кеш барысында халық арасында жақсы танымал шығармаларды, халық және авторлық әндерді орындады.Ансамблдің көркемдік  жетекшісі Галина Александрованың айтуыншаолар әрдайым әндерін тыңдарманның жүрегіне жеткізіп айтуға тырысады.

ГАЛИНА АЛЕКСАНДРОВА, «СЛАДКА ЯГОДА» ХАЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

- Әндеріміз көбінеОтан, Ана, Бала, махаббат жайында.  Бұл  біздің ең ауқымды жеке концертіміз. Мерейтойлық кешке ұзақ уақыт дайындалдық, қалай өтер екен деп уайымдадық. Барлығы біз ойлағандай болды. Біздің өнерімізді бағалап келген көрерменге алғысымыз шексіз.

Он адамнан тұратын ұжымның еңбегі еленіп, 12 жыл бұрын халық ансамблі атағын алды. Қазір репертуарларында 40-тан астам ән бар.Тұрақты көрермендерінің бірі - Любовь Строкина орыс халық әндерін сүйіп тыңдайды. Бүгін де кештен қалмай, концерттен рухани азық алып, жақсы демалып қайтты.

ЛЮБОВЬ СТРОКИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Әдемі кештің куәсі болдық.Сахнадан менің сүйікті әндерім орындалды. Жалпы, бұл ұжымның өнерімен бұрыннан таныспын. Осындай концерттерден қалмауға тырысамын. Ансамбль мүшелеріне шығармашылық табыс тілейсін.

Бұл кеш ешкімді бей-жай қалдырмағаны сөзсіз - көрермендер әр нөмірді сүйсініп отырып тамашалады

Сарбинас КАЙЫРБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...