ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ НАУРЫЗ! Толығырақ

«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

14:44, 15 ақпан 2019

«Солтүстік жұлдыздары». Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған ән фестивалі осылай аталды. Ән мерекесі бір сахнада Қызылжар өңірінің кәсіби және әуесқой әншілері мен оқушылардың басын қосты. Фестиваль талабына сай балалар, көрерменге кеңінен танылып жүрген орындаушылармен бірге ән шырқады.

Фестиваль - дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсетуге бағытталған. Мұндай шаралардың оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. 9 сынып оқушысы Әсел Хаалман сахнадағы жұбымен бірге орындайтын ән таңдап, дайындық жүргізудің өзі қызық болғандығын айтады.

ӘСЕЛ ХААЛМАН:

- Біз осы байқауға бірнеше рет дайындалдық. Екеуміз бірге айтып шыққаннан кейін арқамыздан бір жүк түскендей болды. Көрермен қошеметі бізге жігер берді.

ӘДІЛЖАН КӘРІМОВ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ:

- Әсел бұрыннан ән айтып жүрген қыз. Екеуміз бірден екі дауыста шырқап кеттік.

Фестивальда 15 ән орындалды. Сахнада жұптасып, трио құрып өнер көрсеткендер де болды. Балалардың бойын толқу билегені де аңғарылып тұрды. Өйткені кәсіби әншілермен бірге өнер көрсету оңай шаруа емес.

БІРЖАН ЕСЖАН, ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ ӘНШІСІ:

- Үлкен тәрбиелік мәні бар іс шара өтті. Биыл Елбасымыз «Жастар жылы» деді. Осы тамаша идеяны НЗМ қолдап, осындай шара өткізіп жатыр. Қарапайым оқушының  ішкі мәдениетін дамыту жолында үлкен нәтиже береді деп ойладймын.

Фестиваль талабы бойынша барлығы әндерді жанды дауыста орындады. Оқушылар кәсіби мамандарға қарап бой түзеп, орындау шеберлігі мен сахна мәдениетін сақтауға тырысып бақты.

СӘУЛЕТ МҰҚАНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл жобаны біз жастар жылы аясында өткіздік. Жастарымыз өңіріміздің әншілерімен өрге өз өнерлерін ұштасын деген мақсатта. Бұл қазақ әндерін насихаттауға бағытталған үлкен шаралардың бірі.

Фестивальға қатысушылар құлақ құрышын қандырар әндерді орындап, көрерменге әдемі кеш сыйлады. Кеш соңы марапаттау рәсіміне ұласты. Фестиваль естелік суретке түсумен түйінделді.

Эльмира КӘЛЕНОВА

Тақырып бойынша материалдар

«СЕВЕРНАЯ ГРАНИЦА» 15 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ
21:08, 18 наурыз 2019
«СЕВЕРНАЯ ГРАНИЦА» 15 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
20:59, 19 наурыз 2019
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
Толығырақ...
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
14:27, 19 наурыз 2019
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...