ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДЫ СУМЕН ҚАМТУ Толығырақ

СПЕКТАКЛЬДЕР ОНЛАЙН КӨРСЕТІЛЕДІ

20:45, 30 наурыз 2020

Облыстық қуыршақ театрының актерлері өз көрермендерімен теледидар арқылы қауышпақ. Өнер ұжымы біздің телеарна арқылы қойылымдарының теленұсқасын ұсынбақ. Спектакльдер қашан  және қай уақытта экранга жол тартады? Келесі бейнематериалымызда.

Облыстық қуыршақ театрында 15ке жуық актер еңбек етеді. Қазіргі уақытта өнер ұжымы үйлерінде бос отырмай, онлайн байланысқа шығып, көрермендеріне жаңа спектакльдер дайындауда. Сонымен қатар, олардың қойылымдары ертеңнен бастап яғни, 31 наурыз күні сағат 12:00де облыстық  «Қызылжар» теларнасында көрсетілетін болады.

МЕЙРАМ СЕКСЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

- Бізге көмектесіп, өзінің қол ұшын беріп жатқан «Қызылжар» телекомпаниясына алғыс айтамыз. Біздің жұмысымызды көрермендерге көрсетпек. Спектакльдеріміз орысша және мемлекеттік тілде өтеді. Қойылымдарымыз осы телеарна арқылы 10-15 шақты спектакль көрсетпекпіз. Оның жартысы мемлекетті тілде.

Театр басшылығының айтуынша, спектакльдердің тәрбиелік мәні зор. Қойылымдар мектепке дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушыларына арналған. Жалпы оқушылар үшін 4-інші  тоқсан 6 сәуірден басталады. Және әлемді шарпыған індетке байланысты балалар қашықтықтан білім алмақ. Ал балақайлардың қәзіргі демалыстарын тиімді өткізу үшін, біздің арна ұжымы тың дүниелер ұсынуда.

МИЛАНА СӘДУАҚАСОВА, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:

- Мен өз демалысымды тиімді өткізу үшін кітап оқып, сурет салып жатырмын. Мәселен, біз ел болып ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесін атап өтпегендіктен, мынадай керемет сурет салдым. Және тоқыма өнерімен айналысып жатырмын.

ВИКТОРИЯ МОКОТЕНКО, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:

- Мен әдетте бос уақытымда ағаммен достарыммен кездесіп, қыдырғанды ұнататынмын. Алайда коронавирус салдарынан қазір үйден шықпауға тырысып жатырмыз. Ал жер үйде тұратындарға кеңесім, аулаға бір мезгіл шығып, таза ауамен тыныстап, адам көп жүретін жерге шықпаңыздар дегім келеді.

Әлемді шарпыған бұл індет салдарынан елімізде 6 сәуірден бастап тек сабақтар ғана емес түрлі үйрімелер де онлайн түрде, қашықтан өткізіледі. Ал Петропавлдағы  театрлар  төтенше жағдай  уақытында көрермендерінің көңілін табу үшін спектакльдерді онлайн режимде көрсету жағын ойластыруда.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫ ҰЛЫ С.СӘДУАҚАСОВҚА 120 ЖЫЛ
20:48, 29 мамыр 2020
АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫ ҰЛЫ С.СӘДУАҚАСОВҚА 120 ЖЫЛ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ МАУСЫМЫН ОНЛАЙН АЯҚТАДЫ
17:28, 26 мамыр 2020
ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ МАУСЫМЫН ОНЛАЙН АЯҚТАДЫ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:35, 22 мамыр 2020
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар