ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

СПЕКТАКЛЬДЕР ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ КӨРСЕТІЛМЕК

17:19, 27 наурыз 2020

Коронавирус індетіне байланысты бүгінде театрлар қойылымдарын тоқтатты. Алайда жергілікті сахна майталмандары қол қусырып отырған жоқ. Петропавлдағы  театрлар  төтенше жағдай  уақытында көрермендерінің көңілін табу үшін спектакльдерді онлайн режимде көрсету жағын ойластыруда. Сонымен қатар өнер ұжымдарының тігін цехтары  әлеуметтік аз қамтылған жандарға  арнап   маска тігуде.

Төтенше жағдайға байланысты Николай Погодин атындағы орыс драма театрының жұмыс режимі өзгерді. Спектакльдер қойылмайды, көрермен залы бос.  Десек те, жақын уақытта солтүстікқазақстандықтар сүйікті спектакльдерін онлайн түрде тамашалай алады. Бұл үшін қазір бірқатар техникалық жұмыстар жүргізілуде.  

ЕЛЕНА ПОКРАС, Н. ПОГОДИН АТЫНДАҒЫ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ БАС РЕЖИССЕРІ:

- Ұжымымыз өзінің жұмысын жалғастыруда. Яғни, қазіргі кезде мамандарымыз болашақта сахналанатын қойылымдардың киімдерін тігіп, декорациялар әзірлеуде.Ал, әртістеріміз болса бұрынғы сценарийлерді оқып, дауыстарын қою бойынша жұмыс істеуде.Көктемде біз халықаралық екі байқауға қатысуымыз керек еді,   өкінішке орай ол күзге шегерілді. Соған да дайындалып жатырмыз. 

Әлемді шарпыған індетке байланысты Ұлы Абайдың 175 жылдығы, Жеңістің 75 жылдығына орай жоспарланған барлық қойылымдарға дайындық  кейінге қалдырылды.  Ал мұндағы тігін цехы    маска   тіге бастады. Оларды әлеуметтік аз қамтылған жандарға, мүгедектер мен зейнеткерлерге тегін таратпақ.

ИРИНА РЕЗНИК, Н.ПОГОДИН АТЫНДАҒЫ ОРЫСДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ТІГІН ЦЕХ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Маска тігуді 1 апта бұрын қолға алдық. Әрине, ең алдымен  әріптестеріміз үшін жасадық. Бірақ, кейін жан жақтан тапсырыс түсе бастады. Алдында дәкені пайдалансақ, қазір дем алуға кедергі жасамайтын мынандай арнайы матаны қолданудамыз.  

Театрдың тігіншілері әзірлейтін бетперделерді  бірнеше рет қолдануға болады. Жуып, үтіктеп отырсаңыз болды. Қазір мамандар 100-ден астам маска тігуге тапсырыс алған. Цехта 3 маман жұмыс істеп жатыр. Жалпы, театр ұжымы жұмысын тоқтатқан емес. Елде жағдай тұрақталған соң  өнерпаздарымыз жерлестерімізді қызықты қойылымдармен қуантпақ.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ МАУСЫМЫН ОНЛАЙН АЯҚТАДЫ
17:28, 26 мамыр 2020
ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ МАУСЫМЫН ОНЛАЙН АЯҚТАДЫ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:35, 22 мамыр 2020
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ 403 МАЙДАНГЕРІ  ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТАБЫЛДЫ
17:18, 19 мамыр 2020
УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ 403 МАЙДАНГЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар