ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА КТК ОЙЫНЫ ӨТТІ

18:07, 14 қараша 2019

Петропавлда «Есіл» көңілділер мен тапқырлар клубының ашық студенттік лигасының фестивалі өтті. Сайысқа өз өңіріміздің және  Ақмола облысының  жастары қатысты. Әзіл кешінде біздің де түсірілім тобымыз болып қайтты. 

Жастар сарайында «Есіл» КТК студенттік лигасының екінші маусымы өтті. Төрешілер командаларды тек «сәлемдесу» байқауы бойынша бағалап, жеңімпазды анықтады. Биыл көңілділер мен тапқырлар клубы өз ауқымын кеңейтіпті.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, біздің облыста бұл өнер түрі қарқынды дамып келеді. Осы жылы екінші маусымға қатысуға ниет білдіргендер көп екен.  17 команда. Оның 12-сі жергілікті құрама болса, 5-і Көкшетау, Ерейментау және Степногорск қалаларынан.  

СҮЛЕЙМЕН КӘКІБАЕВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- Бұған дейін тек университеттік лига ойындарын өткізетін едік. Өкінішке орай 2017 жылы соңғы ойын өтіп, бұл бағытты тоқтаттық. . Қателеспесем, екі жыл бойы біздің өңірде КТК ойындары мүлдем болған жоқ. Бірақ, біз, облыста көңілділер мен тапқырлар ойынын қайта жандандыру  керек деп шештік, неге десеңіздер, біздің өңірімізден 12 команда ойынға қатысуға ниет білдірді. Бұрын соңды мұндай болмаған еді.

КТК студенттік лигасының бірінші маусымы барлық көрерменге  әдемі әзіл  кешін сыйлап, есте қалды.   Қызылжар  сахнасында    өнер көрсетіп жүрген   көкшетаулық «Казахи любят бешбармак» командасы  мұндағы көрермен ықыласының ерекше екенін  айтады.

ӘССЕТ ҚОСЖАНОВ, КОМАНДА КАПИТАНЫ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ:

- Осы бір жылдың ішінде бірнеше стильде өнер көрсетіп көрдік. Біздің командамыздың энергетикасы,  өзгелерден ерекше. Петропавлдық көрермендер бізді үнемі жылы қарсы алады, бүгін, тіпті зал да лық толы. Арманымыз, Сочи қаласында өтетін халықаралық фестивальге қатысып көру, КТК ойындарының тарихында өшпес із қалдыру.

Қатысушылар әсерлі ойын мен әдемі әзіл көрсете білді. Ойынның екінші маусымында «Толик және Айгуля» құрамасының өнер қырандары топ жарды. Олар үлкен алматылық студенттік лигасына жолдама ұтып алды. Сондай-ақ, қатысушылар кубоктармен және сертификаттармен марапатталды.

Жанбота СЕНТАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
20:14, 1 желтоқсан 2019
ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...