ШҰҒЫЛ! ЕСІЛ АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ Толығырақ

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ - КИЕЛІ ҚЫЗЫЛЖАР

17:50, 9 тамыз 2018

Өңір  музейлерінің   өкілдері  «Тарихы терең – Киелі Қызылжар»  экспедициясының нәтижесін  талқылады. Өлке шежіресін зерттеуге бағытталған іс-шара  шілденің 21-і мен 30-ы аралығында өткен болатын. Жиынға  қатысушылар облысымызда географиялық, тарихи, әдеби өлкетануды   дамытуға байланысты  ойларын ортаға салды.  

Экспедиция өңіріміздің 6 ауданын қамтыды. Олар-  Қызылжар, Аққайың, Мағжан Жұмабаев, Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандары.Сапар барасында музей қызметкерлері ауыл тұрғындарымен кездесіп, әңгімелескен. Нәтижесінде сол елді-мекеннің қарияларынан ауданның, кей ауылдардың атаулары жайлы сұрастырып,  тарихымен тереңірек танысты.Мағжан Жұмабаев аудандық музейінің өкілдері дөңгелек үстелге қатысушыларға Бейняш атты киелі жердің хикаясын айтып берді.

СЕРІК ЖҰМАҒҰЛОВ – М. ЖҰМАБАЕВ АУДАНДЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

- Біздің аудандағы өкінішке орай сонша көп емес қазақ елдері қалған. Оның ішінде Құралай, Бейнеш, Сартомар. Оның ішінде Бейняш ол біздің ел. Кезінде екі елді біріктіргенде ауылдың тұрғындары Бейняшққа көшіп, сонда екінші атауы Бірлік болды. Оның ерекшелігі тұрғындары тарихын біледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл экспедицияның басты мақсаты тарихи-мәдени мұраны зерттеу және насихаттау,  музейлік құндылыққа ие заттары бар қорлар жинақтау.

СНХР:ЕРКІН ШАЛКЕНОВ – ОБЛЫСТЫҚ МУЗЕЙЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Сапар барысында біз ауылдарда тұратын қолөнер шеберлерімен кездесіп, мектептердегі музейлерді араладық. Бұл алты аудан кездейсоқ таңдалған жоқ. Айта кететін болсақ, Мағжан Жұмабаев ауданынан басқа жерлерде мемлекеттік музейлер жоқ.Сол себепті музей ісін дамыту, оның мәртебесін көтеру мақсатында экспедиция ұйымдастырдық.

Дөңгелек үстелге қатысудан басқа, келушілер осы экспедиция барысында ауыл, аудан халқы сыйға тартқан жәдігерлерді көрмеден тамашалай алды.Айта кеткен жөн заттардың барлығы кейін облыстық-тарихи өлкетану мұражайының қорына тапсырылады.

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕМДІК ФОТОСУРЕТШІЛЕР  ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
13:30, 13 тамыз 2018
ӘЛЕМДІК ФОТОСУРЕТШІЛЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ӘЛЕМДІК ФОТОСУРЕТШІЛЕР  ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
13:30, 10 тамыз 2018
ӘЛЕМДІК ФОТОСУРЕТШІЛЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
КӨРУ ҚАБІЛЕТІ НАШАР ЖАНДАР АРАСЫНДАҒЫ  БАЙҚАУ
18:00, 8 тамыз 2018
КӨРУ ҚАБІЛЕТІ НАШАР ЖАНДАР АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар