ШҰҒЫЛ! ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА Толығырақ

ТАТАР ӘНДЕРІНІҢ КЕШІ ӨТТІ

14:37, 11 қаңтар 2019

Жаңа жыл көтеріңкі көңіл-күймен өту үшін, әнмен, бимен қуаттану қажет, дейді татар ұлтының өкілдері. Осыған орай Петропавлда жылдың басында дәстүрлі түрде татар әндерінің кеші өтіп тұрады. Биылғы іс-шарада Башқұртстанның Уфа қаласынан келген өнерпаздар мен шаһарымыздың өнер ұжымдары солтүстікқазақстандықтарды өз өнерлеріне тәнті етті.  Кеш жайлы келесі бейнематериалда.

Жергілікті татар ұлтының және солтүстікқазақстандық өнер сүйер қауымның басын қосатын татар әндерінің кеші дәстүр бойынша биыл да өтті. Шараны ұйымдастырушы – Эльдар Сисанбаев. Әнші әр кешті ерекше етіп өткізуді көздейді. Биылғы кештің сәні - жарықтандырылған шоу мен Уфа қаласынан келген өнер ұжымы.

ЭЛЬДАР СИСАНБАЕВ, ТАТАР ӘНДЕРІНІҢ КЕШІН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- Әндер кешін өткізу жақсы дәстүрге айналғанына өте қуаныштымын. Біріншіден халық демалу қажет. Сондықтан, татар халқының әзілдерімен, көңілді әндері, ойындарымен барлық жиналған қауымды қуаттандырғымыз келеді.Кеш жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін.

Жиналған қауым сахнада сүйікті өнер ұжымын көріп, бір марқайып қалды. Ағайынды Айдар және Алмаз Юнусовтар өздерінің танымал әндері мен әзілдерін орындап, көрермендер назарына ұлттық татар асбабын да ұсынды.

АЛМАЗ ЖӘНЕ АЙДАР ЮНУСОВТАР:

- Біз Айдар және Алмаз егіздерміз. Петропавлда алғаш рет емеспіз, біздің досымыз Эльдардың шақыруымен келіп отырмыз.

- Біз бұл қала мен қалатұрғындарына үйреніп қалдық. Үнемі бізді жылы қарсы алады.

- «Татар тілінде әндердің атауы» вот такие татарские песни будем исполнять. И конежно же наша авторская «Келиндер келиндер ....» қосылап қысқаша ән орындайды.

Ағайынды Юнусовтар авторлық әндерімен қатар, көпке танымал татар халық әндерін де шырқады. Сонымен қатар, сахнада шаһардың өнер ұжымдары да өз өнерлерін ортаға салды. Көрермендер ән кешіне жоғары бағасын беруде.

- Біздің қаламызда осындай керемет татар әндерінің концерті өтіп жатқанына қуаныштымын. Осы кештің арқасында қандастарымызбен, туысқандарымызбен басымыз қосылады.

- 10 қаңтар күні -татар әндерінің кеші  дәстүрлі түрде өтіп келеді.  Біз ән айтып, би билегенді ұнатамыз. Сондықтан осы кешті ұйымдастырған Эльдар Сисанбаевқа  дәстүрімізді ұмыт қалдырмай, жастарымызға дәріптеп жүргені  үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Татар әндерінің кешіне жиналған халықтың қатары қалың болды. Өнер ұжымдарына тұрғындар зор қошемет көрсетіп отырды.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕРЛЕСІМІЗ ЧЕХИЯДА БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ
17:55, 17 қаңтар 2019
ЖЕРЛЕСІМІЗ ЧЕХИЯДА БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ
Толығырақ...
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚОЙЫЛЫМ
21:04, 29 желтоқсан 2018
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚОЙЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
17:53, 11 қаңтар 2019
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП...
Толығырақ...
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:58, 11 қаңтар 2019
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...