ШҰҒЫЛ! КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ Толығырақ

ТЕГІН ДОМБЫРА ҮЙІРМЕСІ

15:08, 13 ақпан 2020

Петропавл тұрғыны өңір жастары үшін тегін домбыра үйірмесін ашты. Облыстық филармониядағы Сегіз сері оркестрінің мүшесі Бәйімбет Құбайдолла 18 бен 30 жас аралығындағы азаматтар үшін аптасына 2 рет сабақ өткізіп, домбырада ойнауды үйретеді.

Қазіргі уақытта жаңадан құрылған «Шабыт» мектебіне 20-дан астам адам жазылыпты. Қосымша сабақ әйелдер  мен ер азаматтар үшін жеке өткізіледі. Үйірмені ашудағы басты мақсат қазақтың ұлттық аспабы домбыра мәртебесін көтеріп, жастар арасында насихаттау дейді Бәймбет.

БӘЙІМБЕТ ҚҰБАЙДОЛЛА, «ШАБЫТ» ДОМБЫРА МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бастапқы нәтижелері жаман емес. Қазіргі уақытта 2-3 сабақ болып үлгерді. Бірақ оқушылардың ынтасы, сабаққа деген қарым-қатынасы өте жақсы. Алдада бір жақсы нәтижелер күтеміз ба деген ойдамыз.

ҰЛДАНА АҚМЫРЗА,ҮЙІРМЕГЕ  ҚАТЫСУШЫ:

- Негізі менің бала кезден арманым домбыраға қатысу. Біз ауылды жерде өскендіктен бізде мүмкіндік аз болды. Бірақта әкемнің үйретуімен нотасыз үйренген болатынмын. Осы хабарды есітіп, мен Бйімбет ағайға хабарластым. Бәйімбет ағай қабыл алды. Соның арқасында мен осы жерге қатысуға мүмкіндік алдым.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
17:22, 17 қыркүйек 2020
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...