ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ АЙТЫС БАСТАУ АЛДЫ

20:45, 14 мамыр 2020

Облыста тұңғыш рет телевизиялық айтыс өтеді. «Қызылжар аламаны» атты ақындар бәйгесі облыстық «Қызылжар» телеарнасында көрсетілмек. Айтыскерлердің өнерін қазылар алқасы мүшелері бағалайды. Олар жазушы-журналист «Егемен Қазақстан» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі Жақсыбай Самрат, «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС және республикалық «Мағжан» журналының директоры Жарасбай Сүлейменов пен ақын, Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Қайырлы Ғафуров.

«Қызылжар аламаны» айтыс-жобасы 3 кезеңнен тұрады. Өнер додасына 14 айтыскер қатысады. Бірінші айналымда барлығы 7 жұп бағын сынап, өнерлерін қазылар алқасы бағалайды. Бұдан соң, ең көп ұпай жинаған 8 ақын екінші айналымға жолдама алады. Үшінші кезең, яғни ақтық мәреге үздік деп танылғандар шығады. Айтыс жекпе-жек ережесі бойынша ұйымдастырылды. Бірінші болып, өнер додасында петропавлдық ақын Жантілеу Рақымов пен Есіл ауданының айтыскері Диас Аяған шықты. Ақындар елде биыл аталып өтілетін мерейлі даталар мен республикада болып жатқан оқиғаларды өлеңдеріне арқау етіп алмақ. Тың аламан бәйге әр аптаның сенбі күні сағат 21:30-да облыстың басты арнасында 3 ай көрсетіледі.

ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қазылар алқасының шешімімен алғашқы жекпе-жекте ақындардың ұпайлары тең түсті. Ақтық сын онлайн түрде өтеді. Онда смс арқылы ақтық сынға өткен 4 айтыскер арасында жеңімпаз анықталады

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ МАУСЫМЫН ОНЛАЙН АЯҚТАДЫ
17:28, 26 мамыр 2020
ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ МАУСЫМЫН ОНЛАЙН АЯҚТАДЫ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:35, 22 мамыр 2020
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ 403 МАЙДАНГЕРІ  ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТАБЫЛДЫ
17:18, 19 мамыр 2020
УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ 403 МАЙДАНГЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар