ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА СЕНАТОР Е.СҰЛТАНОВ КЕЛДІ Толығырақ

ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ АЙТЫСТЫҢ ЕКІНШІ АЙНАЛЫМЫ БАСТАЛДЫ

20:50, 7 шілде 2020

Облыстық тұңғыш  телевизиялық айтыстың екінші айналымы басталды.  «Қызылжар аламаны» атты ақындар бәйгесінің алғашқы кезеңіне қатысқан 14 айтыскердің 8-зі екінші турға жолдама алды.

Солтүстік Қазақстан облысында тұңғыш телевизиялық айтыс жобасы жалғасуда.  «Қызылжар аламаны»  атты бәйгеге алғашқы айналымда үздік атанған 4 жұп қатысады. Бірінші кезеңде айтыскерлер еркін тақырыпта өнер көрсетсе, енді оларға күрделірек тапсырмалар берді.

ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН , ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

- Ақындарға жауапкершілігін молайтып отырмыз. 20 минут – бағалайтын болады.

Ақындардың шеберлігін білікті қазылар алқасы бағалайды.  Облыста  ақындар мектебінің ашылуы айтыс өнерінің дамуына оң үлесін қосып, бүгінгі деңгейге көтерді- дейді еліміздің белгілі айтыскер ақыны Ринат Зайытов.

РИНАТ ЗАЙЫТОВ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ, АЙТЫСКЕР АҚЫН:

- Өзім айтысып жүрген 20 жылдықта  уақыты келді Солтүстік өңірінің. Оған аз жұмыс жасалған жоқ. Ақындар мектебінің ашылуы, жоқтан бар құрап, демеушілік бар, әкімшілік қолдауымен айтыс жасалды.Қызылжар өздігінен осындай айтыс ұйымдастыра алатын деңгейге жетсе, демек Қызылжардың айтыскерлері толыққанды республикалық айтысқа қатыса алады. 

«Қызылжар аламаны» айтыс-жобасы 3 кезеңнен тұрады. Екінші айналымның нәтижесінде үздік атанған 2 жұп ақтық додада өнер көрсетпек.

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚЫЗЫЛ ОБА» ҚОРЫМЫНДА ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ УАҚЫТША  ТОҚТАТЫЛДЫ
17:25, 10 шілде 2020
«ҚЫЗЫЛ ОБА» ҚОРЫМЫНДА ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
20:37, 29 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
20:35, 30 шілде 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
Толығырақ...
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
20:42, 30 шілде 2020
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...