ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

20:40, 9 қыркүйек 2020

Тіл – достықтың алтын көпірі. Бүгінде облысымызда жүзден астам түрлі ұлт пен ұлыс өкілі тату-тәтті тұрып жатыр. Бірі, мұны еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың арқасы, енді басқалары мемлекетімізде   барлық ұлттардың тілі мен мәдениетін, салты мен дәстүрін сақтауға жағдай жасалып отырғандығында деп біледі. Конфессияаралық қарым-қатынас, бейбітшілік пен келісім -  егеменді елдің жемісі. Мұны жергілікті халық та түсініп, мемлекеттік тілге құрметпен қарап, оны үйренуге асық.      

АМАНЖОЛ НҰРТАЗИН, ТІЛШІ:

1998 жылы қыркүйектің 20-сы Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан халқының тілдері күні қыркүйектің 22-сі болып бекітілді. 2017 жылы бұл дата қыркүйектің 5-не өзгертілді. Оның бірден-бір себебі, бұл күні ұлт жанашыры, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов дүниеге келді.

Қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде «Тілдер мерекесінің» аталып өтуі заңдылық. Биыл пандемияға байланысты, мейрам тасада қалды. Дей тұрғанмен, өзге ұлт өкілдері бұл мерекенің маңыздылығын түсінеді. Шахнияр Аллахярованың ұлты – әзірбайжан. Мектепте, жоғары оқу орнында орысша білім алса да, мемлекеттік тілге деген қызығушылығы артпаса, кемімеген. Бұған қоса, бойжеткен   түрік және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.    

ШАХНИЯР АЛЛАХЯРОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазақ тілін мектепте меңгердім. Және мен үшін қазақ тілін меңгеру маңызды болды. Себебі мен, өз болашағымды қазақ тілімен байланыстырам. Қазақстанда 3 тілділік бар. Оларды игеру қажет. Ол өте маңызды.

Шахнияр Аллахярова отбасында әзірбайжанша, жұмыста орысша, ал қара көз бауырларымызбен қазақ тілінде әңгімелесуге тырысады. Әйтсе де, мемлекеттік тілді меңгере алмай жүрендер де бар дейді ол.

ШАХНИЯР АЛЛАХЯРОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Әрбір азамат өз тілін құрметтеуі керек. Дана халқымыз айтқандай, «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп.

Облыста тілдерді дамытудың орталығы   жұмыс істеп келеді. Жыл сайын мемлекеттік қызметкерлер арнайы курстардан өтеді. Сондай-ақ,  мемлекеттік және ағылшын тілдерін меңгеріп жатыр.   

ОРАЛ ЖАНАТОВ, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ «МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Орталықта мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер,азаматтық сала қызметкерлері қазақ тілін игеру курстарынан өтеді. СҚО азаматтарының тілді игеру деңгейі базалық. 03-21 Қала тұрғындары тілге қызығушылық танытатындар да бар. Оларға бөлек топ ашып, оқытқызамыз. Жылына 10-12 адам келеді.

Жалпы облыс бойынша бір жылдың ішінде қазақ және ағылшын тілдерін меңгеру курстарынан 2 жарым мың тұрғын өтті.  

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 25 ЖЫЛ
13:01, 25 қыркүйек 2020
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 25 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...