ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

«УАҚЫТ ПЕН ЕСТЕЛІКТЕР»

17:57, 28 маусым 2019

Петропавл қаласының ірге тасы қаланғаннан бастап қазіргі күнге дейінгі тарихы бейнелеген  картиналар қойылған көрме. С.Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханад өткен шарада Александр Листопаднийдің 27 картинасы халық назарына ұсынылды. Бар өмірін осы салаға арнаған архитектор, суретшімен арна тілшілері тілдесіп, оның көзтартар еңбектерімен танысып қайтты.

3 жасынан қылқаламды қолына алып сурет сала бастаған Александр Лисптопаднийдың қоржынында бүгінде 400 – ден астам картина бар. Көрмеге солардың 27 данасы қойылған. Суретші өз еңбектерінде Петропавл қаласының көшелерін, ғимараттарын, ескерткіштері мен адамдарын бейнелеген. Бірінен бірі өткен  әдемі картиналарға жан дүниесін арнаған ол, келушілерді әрқайсысының тарихымен таныстырып шықты.

АЛЕКСАНДР ЛИСТОПАДНИЙ, СУРЕТШІ, АРХИТЕКТОР:

- Картиналарды  тек сүретшілік жағынан ғана емес, сондай архитектуралық тұрғыдан да қарастырған жөн болады. Өйткені мен суретші әрі архитектормын. Картиналардағы ғимараттар, ескерткіштер мен түрлі композицияларға мән беріп қарайтын болсаңыз осыны байқайсыз. Мен осы екі бағытты үйлестіруге тырыстым.

Мына картинаны суретші жуырда ғана салыпты. Әлі бояуы кеппеген туынды келуішілердің ерекше қызығушылы5ын тудырды. Бұл еңбекте қылқалам шебері осыдан екі ғасыр бұрын негізі қаланған Петропавл бекінісін  бейнелеген. Ал есіл жағасындағы жәрмеңкені бақылап тұрған Петр Павловичтің бейнесі картинаға ерекше әр беріп тұрғандай.

ЕКАТЕРИНА ИЛЬИНА, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ  МҮШЕСІ:

- Оның картиналарына қарап қаланы басқа қырынан көре бастайсың. Александр Ивановичтің еңбектерінде әрсіресе ескі ғаимараттар көп бейнеленген. Яғни бұл картиналар трихи тұрғыдан да өте құнды.

Шара соңы тағы бір көрмеге ұласты. Онда қала тұрғындары барлығымызға белгілі «Конек Горбунов» ертегісінің авторы Петр Ершовтың өмірбаяны және шығармаларымен танысты.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...