ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ 403 МАЙДАНГЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТАБЫЛДЫ

17:18, 19 мамыр 2020

Солтүстік Қазақстан облысынан соғысқа аттанған 75 мың азамат туралы ақпарат, облыстық мемлекеттік архивінің сайтына жүктелді. «Есімдері мәңгі жадымызда» атты елде баламасы жоқ сайтты құру үшін архив бес жыл бойы еңбекттенген. Мәліметтер, Ресей қорғаныс министрілігінен, облыстың Қорғаныс істері жөніндегі департаменттен және аудандық әскери комиссариаттардан жиналды.  Майданнан қайтып оралмаған немесе із-түзсіз жоғалған жерлес жауынгерлер жайлы тың ақпараттар да табылды. Тілшіміз Жанбота Естайқызының бейнематериалы.

СҚО мемлекеттік архиві Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай үлкен жұмыс атқарды. «Есімдері мәңгі жадымызды» атты сайт құрастырып, бұл жерге соғыстан оралғандар мен майданда қаза тапқандар, хабарсыз кеткен солтүстікқазақстандықтар, партизан қозғалысына қатысқандар, майдангерлердің туыстары жайлы да  мәліметтерді жиып терген. Соңғы негізгі жұмыстардың бірі, бұл – есімдері еш бір жерде жарияланбаған, Уәлиханов ауданының 403 азаматы туралы ақпараттың табылғандығы. Солардың бірі – Махмет Сатаев. Жерлесіміз 1914 жылы Қызылту ауданы Тикей ауылдық советінің №2 ауылдында дүниеге келген. Сол ауылдың бастауыш мектебін тәмамдап, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан азаматтардың бірі болыпты.  Түрлі қызметте істеген. 1942 жылы майданға аттанып, 67 атқыштар дивизиясының құрамында  соғысты деген мәлімет Ресей қорғаныс министрілігінің архивінен табылды.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл дивизияның 314 атқыштар дивизиясы болғаны анықталды. Ол дивизия Курск шайқасына қатысқан, бұдан кейін Нивель қаласыны қорғауға қатысқан, бұл жерде қияң кескі ұрыс болған, сол ұрыста Сатаев Махметтің сол әскери атағы лейтенант екен.

Соңғы табылған мәліметтерге сүйенсек, жерлес майдангер Махмет Сатаев Ресейдің Псков облысы Невель ауданында жерленген.  Қазіргі таңда облыстық архив қызметкерлері нақты зиратын іздестіруде. Тағы бір есімі белгісіз болып келген жауынгер Қажыбай Ескендіров соғысқа 1942 жылдың наурыз айында аттанып,сол жылдың қыркүйегінде іс-түзсіз жоғалады. Табылған материалдарда оның кезінде аты аңызға айналған 106-Ақмолалық қазақ атты әскер дивизиясы құрамында соғысқаны жазылған.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  

- Деректі қарап отырсақ осы 106 дивизияның 4000 астам жауынгерлері болған екен, сол 4 мыңнан астам жауынгерге  102 ғана винтовкасы болған, 3100 қылыш берілген екен. Осындай қарумен жақсы қаруланған неміс фашисттерінің армиясына қарсы қойған, оларды кәдімгідей шабуылшы топтың құрамына енгізеді. Сол жерде, 26 майда екі жұма бойы соғысқа қатысады. 3 армия қоршауда қалып, түгелімен жойылады.

106 атты әскер дивизиясы 1942 жылы наурызда құрылып, кейін мамыр айында  6-атты әскер корпусына өтеді. Жалаң қолмен соғысқандар тізіміне Қажыбай Ескендіровтен басқа Ораз  Ещановтың есімі де қосылмақ.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл мәліметті бүгін сіздерге бірінші болып жариялап отырмын, біздің «Қызылжар» теларнасын барлығы көреді ғой, барлық қала тұрғындары ғана емес, облыс, туыстары табылып, бізге хабарласар,  Сатаев Махметтің туыстары бар шығар, сол сіздер арқылы естіп, білер.

Алдағы уақытта архив қызметкерлері «Есімдері мәңгі жадымызда» атты сайтқа концлагерь тұтқындары туралы мәліметтерді қоспақ.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ МАУСЫМЫН ОНЛАЙН АЯҚТАДЫ
17:28, 26 мамыр 2020
ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ МАУСЫМЫН ОНЛАЙН АЯҚТАДЫ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:35, 22 мамыр 2020
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар