ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

УКРАИН МӘДЕНИЕТІ КҮНІ

20:42, 11 наурыз 2020

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де украин мәдениеті күні кең көлемде аталып өтті. Дәстүрлі іс-шара Қазақстан халқы ассамблеясының 25-жылдық мерейтойына арналған. Шара барасында М.Жұмабаев, Ш.Ақын және Аққайың аудандарындағы этномәдени орталықтардың  өкілдері ән айтып, би билеп, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Студенттер украин халқының мәдениетімен, тарихымен танысуға мүмкіндік алды.

М.Жұмабаев, Ш.Ақын және Аққайың аудандарындағы Украин этномәдени орталығының өкілдері бұл іс-шараға жақсы дайындықпен келіпті. Арнайы ұлттық киімдерін киіп, жастарды салт-дәстүрден хабардар етті. Сонымен бірге студенттер мен қонақтарға Украин халқының ұлттық тағамдары ұсынылды.

ЛЮДМИЛА ГРИВЕННАЯ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ» КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

«Ақпанның 26-ы күні Украина елшілігінің өкілдерін университетке арнайы шақырдық. Олар Украин мәдениеті күнін салтанатты түрде ашып берді. Жалпы, бұл шаранының басты мақсаты- Украин халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен таныстыру, жастардың көзқарасын, ой-санасын дамыту және әр ұлттың мәдениетін құрметтеуге шақыру. Жақында Украинада тұратын қазақтармен телекөпір ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.»

Марина ПолтавЕц жетекшілік ететін «Мрия» вокалдық тобы Аққайың ауданынан арнайы келген. Тәжірибелі ұжым шара барысында Украин халқының әндерін шырқады. Өнерпаздар көптеген облыстық, республикалық тіпті халықаралық өнер додаларына қатысып, үздіктердің қатарынан көрініп жүр. Ал, 2018 жылы оларға «Халық ұжымы» атағы берілді.

 МАРИНА ПОЛТАВЕЦ, «МРИЯ» ВОКАЛДЫҚ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

«Біз шара барысында Украин халқының түрлі әндерін шырқадық. Жиналған жұрттың көңілінен шықты деп ойлаймын. Жалпы біз тәуелсіз елде бір шаңырақтың астында тату тәтті өмір сүріп келеміз. Еліміз жасай берсін. »

Украин мәдениеті күні бір ай бойы өтеді. Бұл – жоспарланған іс-шаралардың басы ғана.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

СПЕКТАКЛЬДЕР ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ КӨРСЕТІЛМЕК
17:19, 27 наурыз 2020
СПЕКТАКЛЬДЕР ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ КӨРСЕТІЛМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...