ШҰҒЫЛ! КӘСІПКЕРДІҢ КӨМЕГІ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ТІЛДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИНО

20:38, 28 желтоқсан 2018

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Кино туралы заң" аясында салаға жаңаша леп әкелетін бірталай жаңалықтар мен өзгерістер болатынын айтып өтті. Соның ішінде жаңа жылдан бастап қазақстандықтар қазақ тіліндегі отандық киноларды кешкі ыңғайлы уақытта тамашалай алады. Ал, шетелдік фильмдер қазақша субтитрлармен беріледі.

Қаңтардың басынан күшіне енетін заң кинотеатрлардың қожайындарына да тиімді болмақ. Ұлттық фильмдерді праймтаймға қойғаны үшін олар 12% салықтан босатылады. Осы орайда жақында ғана кинотеатрларға барып, қазақ тіліндегі туындылардың тек қолайсыз уақыттарға қойылғанын анықтаған азаматтар кинотеатрлардың басшыларын сынға алып, әлеуметтік желіде петиция жариялағанын еске сала кетейік.  

 АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

- Қазір 12 пайыз налогтан босатылған соң, ірине қаражат салу тиімді болады. көп азаматтар кино саласына біздің режиссерлар қаражат сала бастайды. қаражат көлемі ұлғая бастайды. кино көп болса, сасасы да жоғары болады.

Тақырып бойынша материалдар

ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНА ТҮСІРГЕН ЕЛБАСЫ
14:56, 20 маусым 2019
ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНА ТҮСІРГЕН ЕЛБАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар