ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

ҰЛЫ АҚЫНҒА АРНАЛҒАН СУРЕТ КӨРМЕСІ

20:50, 22 қыркүйек 2020

Петропавлдағы бейнелеу өнері мұражайында ұлы ақын А.Құнанбайұлының мерейтойына орай сурет көрмесі өтіп жатыр. Келушілер назарына негізінен байқауда жеңіске жеткен өңір балаларының еңбектері қойылған.   

Көрмеде Қазақстанның атақты суретшілерінің еңбектерін де тамашалауға болады. Ал мына төрден орын алған  ұлы ақынның бюсті  1952 жылы жасалған екен. Жалпы биыл Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай облыста өнер мектебі оқушыларының арасында байқау ұйымдастырылды. Оған 7 мен17 жас аралығындағы балалар қатысып, ақынның бейнесін қағаз бетіне түсірді. Жалпы қазылар алқасына  33 сурет таныстырылып,  олардың ішінен 4еуі жеңіске жетті.  Көрмеде осы жас суретшілердің еңбегімен де танысуға болады.  Айта кетейік, карантинге байланысты іс-шараның ашылу салтанаты әлеуметтік желіде онлайн  түрде өтті. Алайда қазір бейнелеу өнері мұражайының келем деушілерге есігі ашық.

ВЕРА ГОНЧАРОВА, БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Балалардың еңбегі тақырыпқа сай таңдап алынды. Ұлы ақынның суретін ерекше әдіспен салған оқушылардың еңбегі келушілер назарына ұсынылып, атақты суретшілердің суреттерінің жанына қойылды. Биыл жалпы А.Құнанбаевтың мерейтойы болғандықтан бұл көрме әлі біраз уақыт тұратын болады. Арақашықтық пен санитарлы нормаларды сақтай отырып,  мұражайға келушілерді кіргіземіз.

Ж.Қайыпова

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 23 қазан 2020
ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:41, 21 қазан 2020
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...