ШҰҒЫЛ! ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ

17:50, 11 қаңтар 2019

Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздің танымал дәстүрлі әншілері, жыршы-термешілері мен күйшілерін тоғыстыратын «Ұлы дала сазы» атты жаңа жобаның таныстырылымы өтті. Шараға «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, термеші, әнші Айгүл Елшібаева,  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ерлан Рысқали, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, күйші Жанғали Жүзбай қатысты.

Музыкалық жобаның мақсаты - атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз - дәстүрлі ән, жыр-термелерді, күйлерді одан әрі дамытып, өскелең ұрпаққа жеткізу.  Жоба 17 концерттен тұрады,әрқайсысының  ұзақтығы 1 сағат. Ұлттық арнадан 13 қаңтардан бастап, 28 шілдеге дейін әр жексенбі кешкі сағат 21.05-те көрсетілетін болады. Музыкалық бағдарлама 2018 жылдың қараша айында түсірілген болатын. Түсірілім барысында 180-ге жуық шығарма жазылып, еліміздің барлық аймақтарынан 91 өнерпаз қатысты. Олардың арасында 16 термеші, 34 күйші, 39 әнші, 2 жыршы өз өнерін көрсетті.  «Ұлы дала сазы» жобасына еліміздің дәстүрлі өнер майталмандары Секен Тұрысбеков, Қажыбек Бекбосынов, Біләл Ысқақов, Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова және т.б қатысады. Музыкалық жобада қазақ халқының әндері мен қазақ композиторларының шығармалары орындалатын болады. 

ЕРЛАН ҚАРИН, «ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- «Әр халықтың рухани, мәдени әлемі бірінші кезекте дәстүрлі өнерінен танылады. Дәстүрлі ән, терме, күй бұл біздің ата-бабаларымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан мәңгілік үні, шежіресі. Ұлттық өнерімізді бүгінгі және болашақ ұрпаққа насихаттау, рухани мұра ретінде сақтау - біздің парызымыз. Ұлттық арнадан жақында шығатын  «Ұлы дала сазы» жобасы көрермендеріміздің эстетикалық талғамы мен дүниетанымының дамуына өз үлесін қосатын бірегей жоба болатыны сөзсіз. Осы жылдың наурыз айында бірінші түсірілімге қатыса алмаған бірқатар өнерпаздарды тағы да таспаға түсіру жоспарланып отыр. Ең бастысы, бұл жобадағы барлық шығармалар «Qazaqstan» Ұлттық арнасының «Алтын қорына» енетін болады».

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕРЛЕСІМІЗ ЧЕХИЯДА БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ
17:55, 17 қаңтар 2019
ЖЕРЛЕСІМІЗ ЧЕХИЯДА БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ
Толығырақ...
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚОЙЫЛЫМ
21:04, 29 желтоқсан 2018
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚОЙЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
17:53, 11 қаңтар 2019
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП...
Толығырақ...
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:58, 11 қаңтар 2019
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...